Бас жаттықтырушылардың “Номад” – “Бейбарыс” матчы нәтижесі туралы пікірлері.

20.02.2021

“Номад” ХК-ның бас бапкері Александр Высоцкий:

Таблодағы счет пен жалпы ойын қорытындысы бойынша қарсылас айқын басымдылықпен ұтқанын оңай көруге болады. Алайда, кездесудің негізін алатын болсақ, біз қарсыласқа бой бермедік. Соққылар мен мүмкіндіктер саны жетерлік болды, бірақ голға айналдыруға күш жетіспеді.

 

 

“Бейбарыс” ХК-ның бас бапкері Артем Аргоков:

Ойынның қорытындысына әрине ризамын. Сонымен бірге, жігіттер көрсеткен ойын сапасына да сөзім жоқ. Біздер кестенің басында тұрған, әрі заманауи әрі тез хоккей ойнайтын командаға қарсы ойнауға келдік. Бұл кездесулерге ерекше дайындалдық. Соның арқасында ойыншылар жақсы сапалы хоккей көрсетіп, тиесілі нәтижеге ие болды.

Кешегі жеңісті ойыннан кейін, бүгін қарсылас қатты ойын көрсетеді деп жобаладық. Алайда біздер матчты талқылап, бөлшектерге бөліп, ойын кезінде ешқандай қателіктерге жол болдыртпай, соңында 0 – мен аяқтадық.

Бірінші ойынның алғашқы 7-8 минутында жігіттерден қобалжу байқалды. Бара бере ол сезім жоғалып, ойынды өз тізгінімізге ұстадық. Ал бүгін қобалжусыз бірден шықтық.

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер