“ГОРНЯК” – “БЕЙБАРЫС”. ТУР АЛДЫ.

22.02.2021

Қайырлы күн, достар!

23 және 24 ақпан күндері Рудный қаласында «Бейбарыс» жергілікті «Горняк» командасына қарсы біріншілігіміздің кезекті ойынын өткізбек.
Матч Атырау уақыты бойынша сағат 16:00 – де басталады.

Видео трансляцияның сілтемесі ойын күні шығады. Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар.

Рудныйлық ұжым «Бейбарысқа» қарсы ойынға 10 күндік демалыстан кейін шыққалы тұр. Оның алдыңғы ойында Сергей Невструев шәкірттері өз үй алаңында «Теміртауға» қарсы ойнаған болатын.

«Бейбарыстың» алдыңғы ойындары еліміздің астанасында, «Номад» клубына қарсы болды. Онда Артем Аргоковтың шәкірттері өте керекті әрі қиын толыққанды 6 ұпайға ие болды.

2 ойын бірдей «Номадты» ұтқаннан кейін, «Бейбарыс» клубы кестенің төменінде орналасқан командаларға шаң қақтырттып кетті. Осылайша Артем Аргоковтың жігіттері плэй – офф кезегіне жол ашты.

Осы жылы «Горняк» жалпы саны 12 ойын өткізіп, оның 4 ойынында жеңісті тойлады.

 

«Бейбарыс» болса 2021 жылы 14 рет ойынға шығып, оның 10 жеңіске жеткен.

Өкінішке орай, біріншіліктің кездесулері әлі де жанкүйерлерсіз өтуде. Ойынға жанкүйерлерді кіргізбеу «Бейбарыс» хоккей клубы немесе Қазақстан Хоккей Федерациясының шешімі емес екендігін жеткізгіміз келеді. Бұйрық Қазақстанның басты санитарлық дәрігері және Атырау облысының басты санитарлық дәрігерінің басшылығымен жүргізіледі. Түсіністік танытуыңызды өтінеміз.

«Горнякқа» қарсы ойыннан кейін, команда Атырауға оралып, 1 және 2 наурыз күндері петропавлдық «Құлагерді» қабылдайтын болады.

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер