“ГОРНЯКПЕН” БIPIНШI ОЙЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТIК

23.02.2021

Соңғы «Номадқа» қарсы ойыннан кейін, құрамда бірнеше өзгерулер болды. Біріншіден, қақпаны Богдан Белоконский қорғайтын болды. Валерий Васильев бірінші бестіктегі Алексей Рыжихтың орынын басып, Ал Иван Степаненко екінші бестіктегі Евгений Болякинді алмастырды. Шабуыл үштіктер сол қалпы.

 

Айта кетсек кездескелі тұрған екі команданың екі түрлі мақсаттары айқын байқалады. «Горняк» плэй-офф кезеңіне шығуды мақсат тұтса, қонаққа келген ұжым келесі этапқа өтіп тұр.

 

Командалар шайбаға толы алғашқы кезеңді жанкүйерлерге сыйлады. Нечвиенко мен Белоконскийдың қақпасында екі-екіден шайбалар кіріп шықты. Негізі, қонақтар жинақы көрінді, алайда «Горняк» командасы өз мүмкіндіктерін тез шабуылмен көрсетіп жатты.

 

Екінші кезең рудныйлық командаға «салқын су сепкендей» басталды. Ең бірінші шабуылда команданың бірінші бестігі, геометриялық тұрғыда өте әдемі шабуыл жасап соңын Денис Курепанов нүктесін қойып тастады. 5 минуттан соң Артем Ананичев қақпа артынан ағасы Александр Ананичевке керемет пас беріп, өз алдына Александр қақпашының арқасына шайбаны жібере салды.

 

Үшінші кезеңнің бірінші жартысында мұз иелері шайба соғып ойынға қайта орала алды. Власов әдемі стильде жоғары жаққа соққы жасап, Богданға мүмкіндік қалдырмады. Жалпы рудныйлық жігіттер ойынды қолға алғылары келген секілді, алаңғы тыңғылықты шыққанын байқадық.

 

Кезең ортасында Артем Аргоков шәкірттері көршілікте ойнауға мүмкіндік алды. Көк сызба тұсынан Михаил Дыньковтың қатты соққысы қақпаға дөп кірді. Сергей Невструевтың да жігіттер сандық басымдылыққа ие болғанымен, оны голға айналдыра алмады.

 

«Горняктың» ойынға қайта оралуға мұрша бермей, матч соңын ыңғайлы есеппен аяқтадық.

 

 

“Горняк” Рудный – “Бейбарыс” Атырау 3-5 (2-2, 0-2, 1-1)

 

07:32 Муравьёв 1-0 

 

10:00 Кожевников (Григоркевич, Закарлюкин) 1-1  ГБ

 

12:04 Черкасов (Петров, Степаненко) 1-2

 

13:56 Кротов (Власов, Ахметвалиев) 2-2

 

20:16 Курепанов (Ишмаметьев, Старцев) 2-3 

 

24:41 Ананичев Ал. (Клепко, Ананичев Ар.) 2-4

 

19:02 Власов (Харькин, Кротов) 3-4

 

49:29 Дыньков (Боровков, Черкасов) 3-5 ГБ

 

 

Қақпашылар: Нечвиенко - Белоконский

 

Қақпаға соққы саны: 29-35

Ескерту уақыты: 10-8

 

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер