Рудныйдағы мықты жеңіс!

24.02.2021

Екінші кездесуге командалар құрамда бірнеше өзгерістер орын алды. Соның ішінде. бірінші бестікке айыпты өткізіп, Алексей Рыжихтың оралғанын айта кеткен жөн. Екіншіден, шамалы ротация болып өтті:
Антон Петровтың орынына екінші бестікке Александр Ананичев көтерілді, Антон болса төртке түсірілді.

 

Алаң қожайындарында қақпа иесі өзгеріске ұшырады. Никита Акулинин бас қақпашы болды. Кешегі ойында өнерін көрсетпеген Александр Катков, бүгін төртінші бестікте. Оған көмектесетін Степан Штефан. Бұдан шығатын түйін, рудныйлық ұжымда қорғаушылар саны азайғандығы.

 

Бірінші кезеңдегі абдыраған ойын көптеген айфп минуттарын алып келді. Алайда соғылған екі гол да тең ойында болды. Бірінші кезеңді 1:1 есебімен командалар аяқтады. Гол соққандар Щанкин және Петров.

 

Ойынның екінші кезеңі әлде қайда шапшаң және қызық өтті. Мұз қожайындарының ойыны жақсырақ байқалды.

 

Соның нәтижесінде таблодағы счетта өзгере қалды. Саны басымдылығы “Бейбарыс” жақта болса да, Воронин аз құрамда гол салып, және Бухаршин бірдей ойын барысында көзге түсіп, Артем Аргоков командасын қиын жағдайға әкеліп соқты.

 

Біздің де қатарда шабуылдар болған тұғын. Алайда, Акулинин шайбаны алып шығып жатырса, ал басқа кезде жәй ғана нүктені қоятын кездер болмады.

 

Үшінші кезең ең маңызды тұс болды. “Горняк” счетты сол қалпы ұстағысы келді. Ал “Бейбарысқа” өз бақытын тек шабуылдан іздеу ғана қалды. Қорытындысы: жауапсыз 3 соғылған шайба. Кешегі ойынның тап сол сандары таблода жанып тұрды. 100 % жеңіспен командамыз елге оралмақ.

 

 

“Горняк” Рудный – “Бейбарыс” Атырау 3-5 (1-1, 2-0, 0-4)

 

07:11 Щанкин (Воронин, Юлбарисов) 1-0

 

13:32 Петров (Клепко, Ананичев Ар.) 1-1

 

22:41 Бухаршин (Башлаев, Штефан) 2-1

 

33:32 Воронин (Кротов, Куршук) 3-1 ГМ

 

49:20 Ананичев Ал. (Ишмаметьев, Рыжих) 3-2

 

54:24 Закарлюкин (Григоркевич, Кожевников) 3-3

 

54:40 Курепанов (Ишмаметьев) 3-4

 

58:04 Ананичев Ал. (Черкасов, Боровков) 3-5

 

 

Қақпашылар: Акулинин (Скрынников 54:40-60:00) – Белоконский

 

Қақпаға соққы саны: 28-41

 

Ескерту уақыты: 6-10

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер