Голливудтағы оқиға сюжеты бар триллер

01.03.2021

“Бейбарыс” командасы бапкерлерінің ойынға таңдаған құрамы ешкімді таңқалдырған жоқ.

Иванов пен Янков заңды орындарын қабылдады.

Төртінші бестіктегі Илья Лоншаковтың қосылғанын байқауға болады. Соңғы қонақ кездесудегі қалыптасқан жаңа қосымшаны көреміз: Александр Ананичев Боровков пен Черкасовтың қасына екінші бестікке көтеріліп, оның орынына төртінші бестікке Лоншаков пен Артем Ананичевтың қасына Антон Петров түсірілді.

Қонақ командаға да, “Бейбарысқа” да ешқандай турнирлік қысым болмағандықтан, командалар ойынды сақ бастады. Мықты моменттер кездесу басында азын-аулақ болды. Алайда шайба үшін күрес тартысты өтті. Айтқан жөн, қонақ команданың шабуылдары біздің жігіттерге қарағанда шапшаң әрі қауіпті көрінді.

Соңында теледидир алдындағы жанкүйерлер үшінші кезеңде шайбаға көп күресті көрді. Соңғы кезеңде «Бейбарыс» 5*3 форматында 1,5 минут уақыт ойнауға мүмкіндік алғанымен, оны толыққанды пайдалана алмады.  Янков қақпада керемет ойын-өрнегін көрсете білді.

Матчтың шешуші моменті деуге келеді. Себебі, қонақтар қорғаныстан кейін, адам саны басымдылығын ұтымды пайдаланып ойын есебін ашып кетті. Алайда, арада бір минут өтпей Владимир Боровков қарсылас қақпасын қапы қалдырды.

Ойын тағдырын буллиттер кезеңінде Альберт Гатин шешіп тастады.

 

 

“Бейбарыс” Атырау – “Кулагер” Петропавловск 1-2 (0-0, 0-0, 1-1, 0-0, 0-1)

 

47:32 Исмагилов (Пашков, Стасюк ) 0-1 ГБ

 

48:45 Боровков (Ананичев Ал.) 1-1

 

65:00 Гатин 1-2 ПБ

 

Қақпашылар: Иванов - Янков

Қақпаға соққы саны: 33-32

 

Ескерту уақыты: 34-26

 

 

 

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер