Реванш алдық!

02.03.2021

Екінші кездесуге командалар аз ғана өзгерулермен келді.

Қақпа алдын Салим Базарбеков қабылдады. Дисквалификация кесірінен ойын өткізіп алған Евгений Гевельдың орынына Иван Степаненко мұзға шығады. Төртінші бестікте қорғаушы Васильевтың орынына Рыжий шығып, шабуылшы Лоншаковтың орынына Бандуркин шықты.

Қонақтарда өзгеріс өте аз болды. Үшінші бестіктегі Рамазановтың орынына Пашков көтеріліп, өз орынын Нестеровке қалдырды.

 

Екі команда да өте жойқын хоккей көрсетіп бастады. Соғылған шайбалар ғана болмағаны болмаса, былай матч өте тартысты болды. Алғашқы кезең, кешегідей, шайбасыз өтті.

Келесі кезеңде тез екі гол соғып, қонақтар алға шықты. Алайда, бұл ойын жөнінде біздің жігіттердің өз жоспарлары болған. Үшінші кезеңде екі минуттың ішінде ойын тізгінін теңестіріп, таблода 2-2 есебін шығарды.

Ойын тағдыры овертаим кезеңінде бітті. Жеңісті шайба авторы Алексей Закарлюкин!

 

“Бейбарыс” Атырау – “Кулагер” Петропавловск 3-2 (0-0, 0-2, 2-0, 1-0)

 

30:28 Власов (Хорошев, Попитич) 0-1

 33:04 Исмагилов (Репин, Стасюк) 0-2 ГБ (+2)

44:01 Ананичев Ал. 1-2 ГБ

45:50 Воробьёв (Ананичев Ар., Старцев) 2-2

 

Вратари: Базарбеков – Янков

 

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер