БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫҢ “БЕЙБАРЫС” – “КУЛАГЕР” МАТЧЫ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ.

02.03.2021

 “Құлагер” ХК-ның бас бапкері Александр Троицкий:

 

“2 тартысты ойын болды, 2 мықты ұжым кездесті. Қарсыластың турнирлік кестедегі жағдайы бізден қарағанда әлдеқайда жақсы. Біріншіліктің алғашқы кезеңінің соңғы ойындары болғандықтан, барымызша көп ұпай жинауға тырысып бағудамыз.

 

Кеше көп күш жұмсадық. Бүгінгі ойын туралы айтсам: екінші кезеңде соққы жасаудан шамалы болғанымен, 0:2 есебімен алда болдық. Үшінші кезеңді ойыншы саны басымдылығымен бастадық, алайда қолдан ештене келмеді. Мында да әрине айып уақыттар болып, көп қателіктер жіберіп қойдық. Адам саны аз кезінді шайба жіберіп алдық. Сосын араға көп уақыт салмай екінші голда кіріп кетті. Біздің жігіттер ересек ойыншылар, олардан матчты жәй өткізуін сұрадым: шайба ұстап, орталық аймақта қорғанысты қойып, қарсыласты қарсы алып ойнауларын тіледім. Үшінші кезеңде барлығы бірінші голға дейін ойналды. Жеңісті соңына дейін ұстай алмадық. Соңғы кезеңдегі жіберілген екі шайба, біз үшін “басымызға су сепкендей” болды. Қалған уақытын мен сұрағандай жәй хоккеймен бітірдік. Овертаимда айып алғаннан кейін, ойынды жоғалтып, гол жібердік.”

 

– Сәлім Базарбековтың ойынға бірден щыққаны сіз үшін тосынсый болды ма?

 

– Ірі денелі, жақсы қақпашы. Жіберілген шайбаларда оның кінәсі болмады: екінші шайба да біздер 5×3 форматында ойнап жаттық. Исмагиловтың жеке шеберлігінің арқасында деуге болады. Ал бірінші голда, Власов секіріп тұрған шайбамен дәл соққы жасады. Бұл сәттерде қақпашы қателігі жоқ.

 

Ротация бар, “Бейбарыс” плэй-офф алдында қақпашылар ойынын тексеріп жатыр. Бізде Андрей Янков екі ойында да өткізді. Оған үлкен алғыс. Ол ойынды алып шығып жатты, оған үлкен жауапкершілік түсті. Бізді қалдырған жоқ. Оған үлкен рахмет.

 

 

 

“Бейбарыс” ХК -ның бас бапкері Артем Аргоков:

 

Қарсылас тың демалып, жақсы дайындықпен келгендері көрініп-ақ тұр. Матчтар өте ауыр, қиын өтті. Хоккейшілері де бойшаң, ірі денелі. Алғашқы ойын “қақпашылар ойыны” деуге келеді. Бірінші кездесуде қарсыластың жолы болды. Алайда бүгін біздер бірнеше өзгерулер жасап, кездесуді басқа жаққа бұрдық. Овертаимда ойынды алып шықтық.

 

– “Құлагерге” қарсы матчтар алдында көптен көрінбеген Илья Лоншаков пен Глеб Бандуркин жайлы қандай баға бересіз?

 

Өз-өздерін көрсеткілері келгендері байқалады. Әрине, ойын тәжірибесі шамалы жеткіліксіз, бірақ жігіттердің тырысып жүргендері көрініп тұр. Олар “Бейбарыстың” болашағы десем, артық айтпаймын.

 

– Екінші кезеңнің ортасында таим – аут алдыңыз. Бестік ауысып, демалып алғанын қаладыңыз ба?!

 

– Иә, дәл айттыңыз. Қарсылас үшінші бестігін жіберіп жатырды. Сол уақыт бойы мұзда ойнаған ойыншылардың шамалы дем алып алғандарын қаладым.

 

 

                                                                                                                                                                                                     «Бейбарыс» ХК баспасөз қызметі
Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер