“Снежные Барсы” – “Бейбарыс”. Тур алды!

04.03.2021

5 және 6 наурыз күндері еліміздің астанасында “Снежные барсы” мен “Бейбарыс” арасындағы біріншіліктің кезекті ойыны болады.

 

Бірінші матч – Атырау уақыты бойынша сағат 12:00 – де.

Екінші матч Атырау уақыты бойынша сағат 08:30 – да.

 

Видео трансляция сілтемесі ойын күні болады. Жаңалықтардан қапы қалмаңыздар!

 

Александр Истомин шәкірттері бұл ойынға, “Сарыарқаға” қарсы болған екі жеңілістен кейін ойнағалы тұр.

 

“Бейбарыс” болса “Құлагерге” қарсы болған екі үй ойынынан кейін келіп тұр. Бірінші матчта буллиттер сериясында ұтылса, келесі матчты овертаим кезінде ұтты.

 

Еліміздің біріншілігі әлі де болса жанкүйерлерсіз өтуде. Ойынға жанкүйерлерді кіргізбеу «Бейбарыс» хоккей клубы немесе Қазақстан Хоккей Федерациясының шешімі емес екендігін жеткізгіміз келеді. Бұйрық Қазақстанның басты санитарлық дәрігері және Атырау облысының басты санитарлық дәрігерінің басшылығымен жүргізіледі. Жанкүйерлермен ойын Атырау облысы “жасыл аймақта” 7 күндей болғаннан кейін мүмкін екендігін жеткізгіміз келеді.Түсіністік танытуыңызды өтінеміз.

 

“Снежные барсы” командасына қарсы ойындардан кейін, жігіттер елге оралып, 9-10 наурыз күндері бірінші кездің соңғы ойындарын өткізеді.

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер