Нұрсултанда жеңiске жеттiк

05.03.2021

Қаңтар айында болған ойыннан қарағанда, бүгін “Снежные барсы” құрамында біршама өзгерістер байқадық.

 

Сонымен бірге, қонақтар бірден үш қорғаушымен ойнауға шыққандарын көруге болады.

 

Біздің құрамға келетін болсақ, мында көз үйренген бестіктер. Сәлім Базарбековтың қақпа алдында тұрғаны, және шабуылшылар Севостьянов – Александр Ананичев – Клепко бестігінің өзгергенін көреміз.

 

Бірінші кезеңде мұз иелері адам саны аз уақытта 1 ғана шайба жіберіп, жалпы жақсы тойтарыстар көрсете білді. Шайба авторы қорғаушы Валерий Васильев атанды. Әрине, шайба ұстау жағынан да, ойын жүргізу жағынан да “Бейбарыс” әлдеқайда мықтырақ көрінді. Алайда, тек 1 ғана шайбаға телекөрермендер куә бола алды.

 

Екінші кезең бізге екі шайба алып келді. Бірінші бестіктің керемет комбинациясының жемісін аяқтаған Денис Курепановтың голына, “Снежные барсы” Муратовтың шайбасымен жауап қақты.

 

Соңғы 20 минуттықта Артем Аргоков 3 бестік ойынына көшіп, толыққанды нәтиже алып келді. Пестовтың қақпасында 5 жауапсыз шайба кіріп шықты. Қорытынды бойынша, оңай емес, алайда заңды “Бейбарыстың” жеңісі!

 

 

“Снежные Барсы” – “Бейбарыс” 1-7 (0-1, 1-1, 0-5)

 

08:41 Васильев (Закарлюкин, Гарифулин) 0-1 ГБ

24:24 Курепанов (Воробьёв, Старцев) 0-2

39:58 Муратов (Войтов) 1-2

44:20 Ананичев Ал. (Ананичев Ар., Болякин) 1-3 ГБ (+2)

48:19 Петров (Ананичев Ал.) 1-4

51:56 Кожевников (Гарифулин, Закарлюкин) 1-5

52:40 Курепанов (Рыжих, Воробьёв) 1-6

59:06 Старцев 1-7 ГМ

 

Қақпашылар: Пестов – Базарбеков

Қақпаға соққы саны: 17-44

Ескерту уақыты: 14-12

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер