Кестеде төртінші орынға шықтық

06.03.2021

Екі команда құрамында өзгерістер көп болды. “Снежные барсы” командасы қақпасында Павленконың шыққанын ескертеміз.

 

Біздің құрамда бапкеріміз бірінші бестікке толыққанды демалыс бергенін байқауға болады. Тек команда капитаны Кирилл Старцев төртінші бестікте пайда болды.

 

Кешегі ойындағыдай мұз қожайындары жақсы күресі білді. Ойын басынан айып уақыттары жаңбырша жауғанын айта кеткен жөн. Бандуркинға қарсы Сүлейменов матч-айып алып кетті.

 

Ойын нәтижесі бірінші ақ кезеңде шешілді деуге болады. 5 жауапсыз шайба “Снежные Барсы” команданың қақпасында.

 

Алайда, “Снежные барсы” командасының жас жеткіншектері оңай берілгісі келмеді.

 

Үшінші кезеңді Александр Истомин жігіттері 2:0 есебімен ұтқанымен, “Бейбарыс” өзінің класстық сапасының арқасында 3ұпайға ие болды.

 

Бүгінгі ұтыс бізді тағы бір саты жоғарылауға мүмкіндік берді. Егер “Номад” клубы бүгінгі “Торпедоға” қарсы ойында ұпай жоғалтатын болса, онда біз төртінші орында толыққанды тұрақтай аламыз.

 

 

“Снежные Барсы” – “Бейбарыс” 5-7 (0-5, 3-2, 2-0)

 

06:55 Гевель (Старцев, Севостьянов) 0-1 ГБ

09:31 Севостьянов (Григоркевич, Клепко) 0-2 ГБ (+2)

12:44 Кожевников (Васильев) 0-3 ГБ

14:00 Старцев (Гевель, Ананичев Ал.) 0-4

18:25 Григоркевич (Старцев) 0-5

23:38 Ищенко (Сайко) 1-5

29:04 Гевель (Григоркевич, Севостьянов) 1-6

31:06 Сайко (Шетле, Фокин) 2-6 ГБ

35:15 Ищенко (Войтов, Сайко) 3-6

39:01 Степаненко (Гарифулин, Кожевников) 3-7

44:23 Адильжанов (Шетле, Кайыржан) 4-7

54:06 Верещагин (Алибек) 5-7

 

Қақпашылар: Павленко (Пестов 12:44-57:49) – Базарбеков

Қақпаға соққы саны: 37-39

Ескерту уақыты: 68-28

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер