“Снежные Барсы” – “Бейбарыс” ойындарынан кейінгі сандар мен фактілер.

07.03.2021

📌 Өткен матчтар барысындағы “Бейбарыс” сапындағы ең мықты ойыншы:

🏒 Кирилл Старцев – көрсеткіш бойынша 5 (2+3) ұпай.

Қорғаныс шебіндегі ойыншылар 2 ойын қорытындысы бойынша 11 ұпай көрсеткіштері бар.

🏒 Қорғаушылар қатарынан көрсеткіші жоғары Евгений Гевель – 3 (2+1) ұпай.

 

🥅 Екі ойында да Сәлім Базарбеков қақпа саңылауын қорғады. Қарсыластар 2 матчта оған 93 соққы жасады. Оның 46-сы қақпа ішіне жіберілсе, 40 соққы Сәлім өзі тіреді. 87% соққы қайтару көрсеткіші.

 

🎯 Екі кездесуде де қонақтар соққы жасау көрсеткіші бойынша алда болды (15-44 және 31-40).

 

📌 Шайбаға күресу жөнінен статистика:

✔ 74 (40 бірінші матчта және 34 екінші матчта) “Бейбарыста”, 46 (18 бірінші матчта және 28 екінші матчта) “Снежные барсы” командасында. “Бейбарыс” 61,7% пайыздық өлшеммен алда болды.

 

✖ Айып уақыты:

📌 Матч төрешілері бірінші ойында тек кіші айыптармен ғана жазалап жатты.

📌 Ал екінші ойынның жалпы айып уақыты 96 минутты құрады. Ойын басында қарсыластың басына шабуыл жасағаны үшін Сүлейменов матч-айып алып кетті. Дәл сондай айыппен 2+10 Әділжанов жазаланды. Матч соңына қарай Мұратов ойын таяғын тым жоғары көтеріп ойнағаны үшін тағы бір айып-матч алып кетті.

📌 Екі ойынның қорытындысы бойынша “Бейбарыс” 5 рет адам саны басымдылығын пайдалана алды. Оның бірі 5×3 форматында болды. “Снежные барсы” ұжымы тек 2 рет көзге түсе алды.

💥 Соның ішінде Кирилл Старцев алғашқы ойында аз адам санымен ойнап жатып, жеке өзі бүткіл қарсыласты алдап салған голы тағы бар.

 

👊 Шайбаға күрес:

✔ Шайбаға күресу үшін хоккейшілер 360 рет мүмкіндік алған. Оның 188 рет біздің жігіттер ұтып шықты. Пайыздық өлшеммен 52% құрайды.

 

📝 Екі қонақ ұтыстан кейін командамыз 88 ұпаймен, турнирлік кестенің 4-ші орынында тұр. Алдымыздағы “Теміртаудан” небәрі 5 ұпайға қалыс келе жатырмыз.

 

❗Жігіттерге ендігі “Иртышқа” қарсы болатын екі үй ойындары қалды. Кездесулер 9 және 10 наурыз күндері Атырауда болады. Содан кейін Артем Аргоков шәкірттері плэй-офф кезеңдеріне дайындалмақ.

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер