БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫҢ “БЕЙБАРЫС” – “ЕРТIС” МАТЧЫ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ.

10.03.2021

“Ертіс” ХК-ның бас бапкері Владимир Клинга:

 

“Осы маусым біз үшін өте біртүрлі болып өтті. Маусым соңына дейін команда да қалып, бірге болған ойыншыларға алғысым шексіз. Жас хоккейшілер ересек деңгейде ойындар өткізіп, тәжірибе жинақтады. Жұмысқа деген қарым-қатынастары үшін рахмет айтқым келеді: ойындарға толықтай беріліп, тырысып бақты.

 

“Бейбарысқа” қарсы кездесулерге келетін болсақ, қазіргі біздің командамыздың деңгейі дәл осы деп білемін. Болашақта барлығы басқаша болып, бұрыңғы “Ертісті” көреміз деген үміт бар”.

 

 

“Бейбарыс” ХК-ның бас бапкері Артем Аргоков:

 

“Ертіс” командасы өте жас және жылдам ұжым. Кей жерде тәжірибе жетіспей тұрғандығы байқалады. Біздің жігіттер ойынды сезініп, барлығын өз жұдырықтарында ұстады деуге болады. Қарсылас қақпашы мықты ойын – өрнегін көрсеткендіктен, бүгін көп гол соға алмадық”.

 

– Қателеспесем, осы маусымдағы “Бейбарыс” қатысқан бір де бір матчта ойын кезінде буллитер соғылмады. Ал бүгін бірден екі буллит берілді. Осылайша плэй-офф кезеңіне дайындалып жатырмыз ба?

 

– Төрешілер дайындалып жатыр дер едім. Екі буллитте әділетті түрде тағайындалды. Төрешілер жақсы жұмыс жасады. Бірден екі буллит беруге қорықпады.

 

– 1/4 ширек финалында кездесетін қарсылас туралы не айтар едіңіз?

 

– “Арланның” ойынын көрдім. Команда ойыны өзгерді. Қазір олар тез әрі қатты хоккей көрсетіп жүр. Тәжірибелі ойыншылар саны да жеткілікті. Екі бірдей команда кездескелі тұр дер едім. Бұл плэй-офф, мында әлсіз ұжымдар жоқ, сондықтан ойындар өте ауыр болатынына сенімдімін. Бұндай кездесу жанкүйерлердің көңілдерінен шығуы тиіс.

 

                                                                                                 «Бейбарыс» ХК баспасөз қызметі
Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер