Артем Аргоков Pro Hokei Ligasy біріншілігінің алғашқы кезеңін қорытындылады

12.03.2021

“Бейбарыс” хоккей клубының бас бапкері Артем Аргоков: “Үшінші орынды иеленгеніміз үшін, біз жалпы қанағаттанамыз. Бірақ бұның өзі тарихта қалып қойды. Ендігі плэй-офф кезеңіне дайындық қажет. Ойындар арасындағы интервал өте кішігірім. Бұл жөнінен барлық командалар бірдей жағдайда. Сондықтан да бұл кезеңде ойыншылар күшін дұрыстап бөліп қараған жөн. Әрине, моральдық тұрғыда да мығым болған абзал”.

 

 

– Артем Владимирович, “Арлан” командасы туралы не айтар едіңіз?

– Маусым барысында ұжымда көп өзгерістер болды. Бас бапкер мен қоса ойыншыларда ауысып үлгерді. Олардың ойын стильдері – тез әрі күшті хоккейге негізделген. Жалпы ұжымдардың келесі кезеңге өту мүмкіндіктері туралы айтатын болсақ, 50 де 50 дер едім.

 

 

– 1/4 ширек финалындағы басқа кездесулер туралы не айтасыз?

– Қазір ішкі біріншіліктегі ойындарды болжау қиын. Қағаз жүзінде, әрине, фавориттер бар. Алайда кесте астында бастап жатқан командалар да осал емес. Мысалы, “Номад”, “Арлан”, “Алматы”, “Құлагер” сынды.

 

 

– Маусым бойы ойындар жанкүйерлерсіз өтіп келді. Ендігі плэй-офф кезеңіне жанкүйерлердің болу пайызы жоғары. Қолдаудың шынайы аренада болғаны, жігіттерге тағы бір мотивация бола алады ма?

– Иә, әрине. Толық аренада ойнаған бөлек сезім ғой. Тіпті, қонақ кездесуде жанкүйерлер сүйікті командасын алға жетелегендегі сезім оңай шығар, бос аренадан көрі. Мүмкіндікті пайдаланып, жанкүйерлерімізге қолдау үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Эпидемиялық тұрақтылық орын алады деген үміт бар. Біздің ойындарға келіп, үлкен қолдаударыңыз жетпей тұр. Сіздерге рахмет!

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер