Плей-оффты жеңіспен бастадық!

13.03.2021

“Бейбарыс” ойынға байырғы ұжыммен шықты. Өзгеріс тек 4-ші бестікте орын алды. Қорғаныш шебінде Габазовтың қасына Григоркевич шықса, ал шабуылдағы Артем Ананичев пен Петровтың қасына командамыздың жаңа ойыншысы Иван Зинченко шықты.

 

Ойын біз болжағандай басталды. Ешқандай асығыс қимылдар болған емес. Бірінші кезеңнің соңғы жағына қарай, шабуылдар мен қоса алғашқы айып минуттары да келді. Адам саны басымдылығын “Бейбарыс” ойыншылары пайдалана алмады.

 

Ал кезеңнің соңғы жағында ойыншыларымыз үлкен айып уақытын алып, қорытындысында “Арлан” сан басымдылығын пайдаланып таблодағы сандарды өзгертті. 15 минут үзіліске командалар 1:0 есебімен қайтты.

 

Екінші кезеңнің басын “Арлан” мықты бастады. Ивановтың қақпасына шайбалар жаңбырша жаудыртты. Алайда шайбаның голға айналған сәтін Артем Аргоковтың жігіттері ғана жасай алды. Иван Зинченконың атыраулық ұжымдағы алғашқы шайбасы және ойын есебі 1:1.

 

Екі шайба да адам саны айырмашылығы кезінде салынғаннан соң, командалар соңғы кезді барынша сақ бастады. Кезеңнің бітуіне небәрі 3 минут қалғанда, борт тұсында Иван Зинченкоға қарсы дөрекі ойнаған үщін 5+20 айып уақытымен арландық ойыншы жазаланды. Солайша Александр Ананичев сан басымдылығын ұтымды пайдаланып ойындағы есепке нүкте қойды!

 

 

“Арлан” Кокшетау – “Бейбарыс” Атырау 1-2 (1-0, 0-1, 0-1)

 

18:25 Бердников В. (Колесников) 1-0 ГБ

 

03:35 Зинченко (Ананичев Ар., Григоркевич) 1-1 ГБ

 

01:19 Ананичев Ал. (Боровков) 1-2 ГБ

 

Қақпашылар: Румянцев – Иванов

 

Қақпаға соққы саны: 38-29

 

Ескерту уақыты: 31-29

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер