Иван Зинченко: “Голды барлық еліміздің батыс бөлігіндегі жанкүйерлерге арнаймын”.

13.03.2021

Иван Зинченко алғашқы плей-офф ойынынан кейін клубтың баспасөз-қызметінің сұрақтарына жауап берді.

 

 

– “Бейбарыс” жидесінде бірінші ойында алғашқы шайбамен көзге түстің. Қазір қандай сезімдесің?

 

– Әрине, жаңа команда үшін алғашқы ойында гол салған өте жағымды әсер қалдырады. Алайда хоккейдің аты хоккей, мында кім үшін және қалай гол соққан маңызды емес, бастысы нақты көрсеткіштер көрсетсең болғаны. Ал шайбаны барлық еліміздің батыс бөлігіндегі жанкүйерлерге арнаймын. Мен үшін Атырау, Ақтөбе сынды қалалардан көп адам қолдауда.

 

 

-Қателеспесек, “Ақтөбе” сапында сен плей-офф кезеңінің бірінші ойынын өткізіп үлгердің, ал қазір екінші матчыңды өткізіп тұрсың. Мына ойындарда өзгеше атмосфера, қобалжу байқалады ма?

– Әрине, біріншіліктің бұл сатысында жауапкершілік қатты байқалады. Осы кездесулерде соңына дейін ойнап, барлық күш жігерді сала білу қажет.

 

 

– Барлық статистикалық көрсеткіштер бойынша “Арлан” бізден алда болды. Сенің ойыңша жеңісті ненің арқасында жұлып алып кеттік?

– Алексей Ивановтың керемет ойын көрсеткендіктен деп ойлаймын. Бізді барлық сәттерде құтқарып тұрды. Және де айып кездер өз рөлін ойнады. Барлық шайбалар адам саны басымдылығы кезінде салынды.

 

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер