“Арлан” кек алып, сериядағы есепті теңестірді

14.03.2021

Бүгін “жеңісті құрамды өзгертпейді” шариғаты бойынша “Бейбарыс” мұзға шықты.

 

Арландықтар қатарында бірнеше өзгерістер орын алды. Айыпталған Боровиковтың орынына Лакиза басты. Екінші бестікте Иванов-Волгин жаңа қорғаушылар пайда болды. Және де атыраулық жанкүйерлерге жақсы таныс Вадим Митряков Раенконың орынын басты.

 

Бүгінгі кездесуде “Арлан” жеңіліс тапса, келесі этапқа өту мүмкіндіктерін күрт қиындатып алар еді. Кездесу басын атыраулық өте жақсы бастағанымен, арландықтар таблонын есебін бірінші өзгертті. 20 секундтан соң екінші гол да Ивановтың артында болды. 20- минуттықтың соңғы жағында “Арлан” тағы да гол салып, көзге түскен. 5 минуттай “Бейбарыс” 3×5 форматында ойнап үлгерді. Алайда, есеп өзгермеді.

 

Арландықтардың үш гол салғаны болмаса, жалпы атыраулық ұжымның ойыны өте керемет көрінді. Екінші кезеңде Кожевников гол салып, көзге түсе алды.

 

Соңғы кезең толықтай “Бейбарыстың” еншісінде болды деуге келеді. Алайда есепте өзгерте алмады. Сериядағы есеп 1:1.

 

 

“Арлан” Кокшетау – “Бейбарыс” Атырау 3-1 (3-0, 0-1, 0-0)

 

04:42 Демагин (Лакиза, Куликов) 1-0 ГБ

05:01 Куваев (Жиляков, Сметанин) 2-0 

08:12 Маркелов (Жиляков) 3-0 ГБ

32:35 Кожевников (Гевель, Старцев) 3-1

 

Қақпашылар: Румянцев – Иванов

Қақпаға соққы саны: 19:50

Ескерту уақыты: 35-8

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер