Бейбарыстың күшті жеңіс

17.03.2021

Ұйымдардың құрамы соншалықты өзгерістерге ұшыраған жоқ. “Бейбарыс” сапынан, өзін Көкщетаудағы ойындарда жақсы жағынан көрсете білген Зинченконың екінші бестікке көтерілгенін және Иван Клепконың қосылғанын көруге болады.

Қонақтардан Кузаренконын плей-офф кезеңдеріндегі алғашқы ойынын өткізгенін көре аламыз.

Қожайын ретінде атыраулықтар жақсы бастады, алайда арландықтарда қарап тұрмады.

Қателіксіз ойнау маңызды болды. Себебі ешбір ұжым ойыннан түсіп қалғысы келмеді. Бірінші шайбаны көкшетаулықтар соқты. “Бейбарыс” болса бірінші кезеңнің бітуіне 12 секунд қалғанда есепті теңестіріп кетті.

Осындай соңғы іс-әрекеттің арқасында, моральдық тұрғыда атыраулықтар мығым болып, келесі кезеңде Гарифулин есепті еселеді. Пас берген оған бүгінгі туған күн иесі Валерий Васильев болды. Екінші кезеңде көп айып-уақыттары беріліп жатты. Батыстық команда 5×3 форматында қорғанып та жүрді. Алайда есеп өзгеріссіз қалды.

Артем Аргоков шәкірттері үшінші кезеңде қозғалыста ширақ көрінді. Арландықтар сапынан айфп уақытын алғандар болды, бірақ “Бейбарыс” оны голға айналдыра алмады.

Қорытындысы, қиын әрі ауыр жеңіс! Сериядағы есеп 2:1.

 

 

“Бейбарыс” Атырау – “Арлан” Кокшетау 2-1 (1-1, 1-0, 0-0)

 

12:40 Лакиза (Бердников Р., Жиляков) 0-1

19:48 Клепко (Рыжий, Петров) 1-1

26:57 Гарифулин (Васильев, Закарлюкин) 2-1 

 

Қақпашылар: Иванов - Румянцев

Қақпаға соққы саны: 40-15

Ескерту уақыты: 16-16

 

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер