Арлан кек алып, сериядағы есепті теңестірді

18.03.2021

“Бейбарыс” кезекті ойынға тек бір ғана өзгеріспен шықты. Иван Клепконың орынына 4-ші бестікте Артем Севостьянов пайда болды.

 

Қонақтарда өзгерістер саны екеу. Екінші бестіктегі Вадим Ермолаевты Митряков ауысып шықты. Сонымен бірге, қорғаныстағы Александровты Ханьжин алмастырды.

 

Осылайша, командалар сол кешегі құраммен шықты. Бірінші кезең тең ойынмен өтті. Шайба 16-шы минутта Владимир Боровковтың арқасында соғылды. Таразы басын теңестіру үшін қонақтарға бар жоғы 1,5 минут жеткілікті болды. Раенко ойынды 1:1 қылды.

 

Екінші кезеңде Илья Рыжийды арт жағынан дөрекі ойнағаны үшін, Демагинге айып-матч тағайындалғанын айта кеткен жөн. Алайда Аргоков шәкірттері ештеңе ойлап таппады. Маркелов Демагин үшін айыпты өткізіп болғаннан соң, бейбарыстықтар сөздің турасымен шайбаны қақпанын ішіне соңына дейін апарып салды. 2:1.

 

Қонақтар 5×4 форматында кезеңнің соңына дейін 29 секунд қалғанда теңестірді. Үшінші кезең бір команданың айтуымен болды деп айту қиын. Бірақ, 47 минутта атыраулықтар тағы да алға шықты. Алайда арландықтарда қарап тұрмай, ойынның соңына дейін 4 минуттай уақыт қалған кезде, тағы да, ойын есебін теңестірді.

 

Овертаим кезеңінде “Арлан” адам саны басымдылығын пайдаланып, Шитиков осы ойынның нүктесін қойды.

 

 

“Бейбарыс” Атырау – “Арлан” Кокшетау 3-4 (1-1, 1-1, 1-1, 0-1)

 

15:37 Боровков 1-0

17:11 Раенко (Бердников Р., Егоров)

28:56 Курепанов (Воробьёв, Старцев) 2-1

29:31 Бердников В. (Бердников Р., Лакиза) 2-2 ГБ

46:02 Петров 3-2

56:17 Шитиков (Бердников В., Маркелов)

64:16 Шитиков (Бердников В, Лакиза) ГБ

 

Қақпашылар: Иванов – Румянцев

Қақпаға соққы cаны: 42-32
Ескерту уақыты: 4-33

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер