«Бейбарыс» серияның бесінші ойында «Арландардан» жеңіліп қалды.

21.03.2021

Бапкерлер одағы құрамға бірнеше өзгерістер алып келді

“Арлан” және “Бейбарыс” сапында қақпашылар орыны ауысты. Демидов көкшетаулықтарда тұрса, Белоконский атыраулық команданың құрамында шықты.

 

Бейбарыстықтардың бірінші бестігінде Алексей Рыжихтың орынына Валерий Васильев шықты. Екінші бестікте Иван Зинченконы да көрдік.

Ойын басы мұз алаңдарының тырысуымен басталды. Алайда қонақтар бірінші көзге түсті. Егор Кожевников бірнеше айыптар берілгеннен кейін, 3х3 форматында гол соға алды.

 

Арландықтарға 2 минуттай уақыт керек болды, ойынды теңестіруге. Шитиков – шайба авторы.

Кезең соңында Колесников жарақат алып ойынды жалғастыра алмады. Васильев болса ойын – айыбын алды.

 

Бесінші ойынның жауапкершілігі мол екендігі түсінікті. Жігіттер де оны сезіп тұрды.

 

Екінші кезеңде, Демидовтың қақпасын шайба кірген болатын. Алайда, видео-қайталаудан кейін голды төреші жоққа шығарды.

 

Мықты ойын үшінші кезеңде жалғасын тапты. Тең ойын. Ойынның соңына 37 секунд қалған кезде, Вадим Бердниковтың керемет пасынан кейін, Маркелов гол соғып кетті.

 

 

“Арлан” Кокшетау – “Бейбарыс” Атырау 3-2 (1-1, 0-0, 2-1)

 

04:24 Кожевников (Ананичев Ал.) 0-1 (3х3)

06:15 Шитиков (Маркелов, Бердников В.) 1-1

47:41 Боровков (Зинченко, Ананичев Ал) 1-2

51:16 Евграфов (Ермолаев, Лакиза) 2-2

59:23 Маркелов (Шитиков, Бердников В.) 3:2

 

Қақпашылар: Демидов – Белоконский

Қақпаға соққы cаны: 34-23
Ескерту уақыты: 10-37

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер