Маусым аяқталды

24.03.2021

Құрамға келетін болсақ, екі басты қақпашылардың орындарына оралғандарын айта кету қажет. Иванов “Бейбарыста” және Румянцев “Арлан” сапында.

Гевель бірінші бестікте, Рыжих және Болякин – екінші және төртінші бестікті.

Ойын “Бейбарыстың” тыңғылықты қимылдарынан басталды. “Арлан” жақсы контр шабуылдармен жауап қайтарып тұрды. Соның бірі 7 – ші минутта Роман Бердниковтың жойқын соққысымен аяқталды.Ойын басындағы айып-минуттары мүлдем болмады деуге болады. Тек қана кездесудің 16 – шы минутында ғана орын алды. Егор Кожевников ойынға соңына дейін қосылып үлгермегендіктен, жалпы адам саны басымдылығының соңғы секундтарында ғана Анатолий Раенко есепті еселеді.

“Бейбарысқа” міндетті түрде ойын манерасын өзгерту қажет болды. Алайда, ойын екінші кезеңде де келіспей жатты. “Арлан” прессинг жасаудан қалыс қалмай ал атыраулықтар болса дәл сол қысымға шыдай алмай жатқан сәттерін көрдік.

Екінші кезеңнің ортасында ғана атыраулық ұжым алғаш рет адам саны басымдылығын қолдана білді. Александр Воробьев әйтеуір дегенде Илья Румянцев қақпасының кілті таба алды. 1 минут өтпей жатып, Боровков бейбарыстықтардың есебін еселеді.

Үшінші кезең бірдей екі команданың да күшімен өтті. Екі ұжымда алға шығып кететін мүмкіндіктері жеткілікті еді. Алайда, ойын тағдыры овертаимда шешілді. Осылайша, овертаим кезінде қонақтар есепті өзгертті.

Осылайша, “Бейбарыс” маусымын аяқтаса, “Арлан” “Торпедоға” қарсы ойнайтын болады.

Спонсоры и партнеры
Генеральный партнер
Генеральный спонсор
Технический партнер
Информационный партнер