«Бейбарыс» – «Торпедо» матчтарынан кейін Бас бапкерлердың пікірлері

19.09.2021

Руслан Сүлейманов: “Бірінші ойында қарсыластар командасы тез қимылдады, ал бүгін болса біздер қайта жинақталып тең күрес көрсете білдік. Шабуыл шебінде де жақсы ойнадық, алайда қорғаныстағы өрескел қателіктер ұпай жинауға мүмкіндік бермеді.

 

– Бірінші ойында сіз қорғанысқа көп мән беру арқылы ойын құрып ойнадыңыз. Қарсыласты жылдам қарсы шабуылда ұстап алуға тырыстыңыз. Бұл кездесудің бастапқы жоспары болды ма немесе матч барысында қарсыласқа қарай ыңғайландыңыз ба?
– Біз қарсыластың бұл алғашқы үй ойыны екенін ескере отырып, белсенді ойнап бастайтындарын бірден білгенбіз. Сондықтан екінші нөмірмен ойнадық, бірақ, өкінішке орай, қателіктерге көп бой алдырттық.

 

– Бүгін сіздің командаңыз тактиканы өзгерттіп шабуыл манерасында ойнады, нәтижесінде өте нәтижелі матч болды. Соның өзінде Сіздің командаңызға не жетіспеді?
– Тағы да айта кетейін, бірінші кезекте қорғаныстағы өте өрескел қателіктер.

 

 

Артем Аргоков: “Бізге турнирлік кестеде фаворит болып тұрған, тәжірибелі жігіттерге толы әрі жақсы іріктеген мықты команда келді. Сондықтан техника жағынан жоғары дәрежедегі матчтар болып өтті. Біздің ұжымға дұрыс ойын үлгісін көрсету арқылы және толыққанды ойынға берілу арқылы жеңіске жете алды.

– Қонақтар сериясынан кейін сіз ойыншылардың мұзда ойнау саны жеткіліксіз деп айтқан болатынсыз. “Торпедомен” өткен алғашқы ойында 2 рет адам саны басымдылығы ойната білдіңіздер, бүгінде 5-те 3 форматында нәтижелі ойын – өрнегін көрдік. Жігіттер ендігі өз-өздерін тапты деуге толық негіз бар ма?
– Иә, жігіттер біздер не талап ететінімізді түсінді. Ең бастысы олар оны орындай бастады. Әр матч сайын біз адам саны басымдылығын толық орындай бастадық. Бұл да ойынның өзіндік бір бөлігі болып есептелінеді.

 

– Екі жас ойыншының: екінші ойында дебют жасаған Спартак Басимовтың және “Бейбарыс”үшін екінші матчын ойнаған Никита Колесниковтың ойынын Бағалауыңызды өтінеміз.
«Бейбарыс» сапындағы алғашқы ойынын өткізген Спартак Басимов пен Никита Колесниковтың ойындары жөнінде не айта аласыз?
– Спартак жөнінде айтатын болсақ, командаға кеше қосылған жас жігіт болғандықтан, кейбір сәттерде оған кондиция жетіспей тұрғанын байқауға болады. Бүгін сол жігіттің мықты командаға қарсы қорықпай ойнағандығы қатты ұнады. Колесников болса, техникасы мол ойыншы. Ойын тәжірибесі аз да болса, оны әлі де түзетуге келеді.

 

“Прикаспийская коммуна” газетінің корреспондентінен сұрақ:
Екінші матчтың үшінші кезеңінде Закарлюкинге мұз үстінде болған жағдайдан кейін, дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп жатқанын көрдік. Сол сәтте Алексейге әріптестер жағынан қолдау көрсету қажет екендігіне келісесіз бе?
– Ең бастысы – бұл сәтте командалық ойын маңызды болды деп есептеймін. Сол уақытта біз бар жоғы 1 шайба айырмашылығымен алда келе жаттық. Сондықтан бұл адам саны басымдылығы бізге қажет еді. Мұздағы жігіттерде соны түсініп, тәртіпті әрекет етуге талпынды. Бұл нәтижеге жоспарланған командалық ойын деп аталады

 

 

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес