Бас бапкерлердің «Бейбарыс» – «Номад» матчтарынан кейінгі пікірлері

22.09.2021

“Номадтың” бас бапкерi Александр Высоцкий: «Біз 2 қиын ойын өткіздік. Біздің қонақтық кездесулер сериясы тым ұзақ болды. Қарсылас команда жылдам қимылдай алды, әрі шабуылға да көп мән бере білді. Бұған дейін «Торпедоға» қарсы 2 ойында жалпы сомада 10 гол соғыпта тастаған команда. Біз бұл матчтарға дайындалғанымыз хақ.

 

Бірінші ойында біз қарсыластарымыздан кем болған жоқпыз, біз лақтыруда жеңіске жеттік және гол соғуға жеткілікті мүмкіндіктер жасадық, алайда біздің жас ойыншылардың іске асыру шеберлігі әлі де жеткіліксіз деңгейде екендіктері байқалады.

 

Ал бүгінгі ойынға келетін болсақ, ойын басын нашар бастадық: қарсыластан 4 соққы және оның үшеуі голға айналды. Екінші кезеңде біз ойынды аздап қалпына келтіріп үлгердік. Үзілістен кейін , салқын баспен екінші кезеңге шығып толығымен басымдыққа ие болдық. 2 гол соғып әрі, соққылар бойынша басымдылыққа ие болдық. Қарсылас айыпталып та жатты. Себебі олар біздің жылдамдыққа ілесе алмады.

 

Үшінші кезеңде жастарымыздың көмегімен есепті теңестіре алдық. Бірақ, өкінішке орай, біз үшінші кезеңнің аяқталуына 1,5 минут қалғанда гол жіберіп алдық. Бұндай сәтсіздіктің себебін, тек екінші кезеңдегі энергияның тым көп жұмсап қойғанымыздың негізі деп ойлаймын. Бізге бар болғаны 1 – ақ гол жетіспеді. Біздің ұжым жас болғандықтан, жасалынатын жұмыстар баршылық».

 

 

“Бейбарыстың” бас бапкерi Артём Аргоков: «Ойын өте жылдам болды, “Nomad” командасы жас, ұйымшыл және жылдам хоккей ойын өрнегін көрсетеді. Ақтөбедегі екі жеңілістен кейін, команда жеңіске жету үшін күресуге келгендері түсінікті. Ал біздің жігіттер болса жарады. Олар тактика жағынан әдепті ойнай білді, әрі ойынға берілген тапсырманы да толыққанды орындай алды. Әрине, бүгін екінші кезеңде қарсылас оянып, есепті теңестір алды. Біз сәл босаңсып қалдық деуге болады. Әйтеуір, қалаған шайбаны голға айналдырғанымыз жақсы болды.

 

 

– Кеше де, бүгін де есепте алда шығып келе жатып, ойын басымдығын қарсыласқа жіберіп қойып жаттыңыздар. Физикалық тұрғыда шаршау болды ма сонда?

 

– Физикалық форманың төмендеуі байқалмайды, тек голдардан кейін команда сәл босаңсып, қателіктердің бой алдырып жататынын мойындау қажет. Сондықтан бұл жерде мәселе психологиялық тұрғыда десе болады.

 

 

 – Үйдегі серия жанкүйерлермен бірге өтті. Команда да жергілікті тұрғындарды мүмкін болатын 8 ұпайдан 8 ұпай жинап қуанта алды. Осындай жағдайларда жанкүйерлердің рөлі маңызды ма?

 

– Жанкүйерлермен ойнау әлдеқайда жағымды әрі қызықты. Қазірдің өзінде жанкүйерлердің арқасында бәсекелестік рухтың өзі кәдімгідей байқалады. Менің ойымша, біздің жігіттер көрсеткен хоккей жанкүйерлердің жандарынан шығуда. Барлығы хоккейге жақсы көңіл -күймен келгені түсінікті, себебі, олар ойын атмосферасын сағынғандары байқалады. Жанкүйерлер – команданың алтыншы ойыншысы деп те бекерден айтылмаған.

 

                                                                                                                                                                
                                                                                                                                                                «БЕЙБАРЫС» ХК  БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес