“Бейбарыс” “Теміртауды” үлкен есеппен ұтты (+видео)

20.10.2021

Бейбарыстық бас бапкер бірнеше өзгерістермен құрамды таныстырды. Барлық делік ауысымдар жаңадан келген ойыншыларға қатысты. Бірінші бестіктің қорғаныш шебінде Алексей Ишмаметьевтің қасына Иван Кузнецов тағайындалды. Ал екінші бестікте Титов және Колесниковтың жанына Алексей Клочков атты жаңа ойыншы қосылды.
Сонымен бірге Кожевников-Гарифулин-Закарлюкин мықты үштігінің қайта жинақталғанын байқауға болады

 

Бірінші кезең алаң қожайындарының шабуылымен басталды. Алғашқы минутта-ақ Никита Колесников қақпа саңылауын таба алды. Кезең соңына 5 минут қалған кезде дәл сол Колесников дубль жасай алды.

 

Ойынның сценариясы екінші кезеңде де өзгермеді. Қожайындар ойынды ұстауды жалғастырса, теміртаулықтар болса контр шабуылға ғана үміт арттырып жүрді. Алайда екінші кезеңнің ортасынан бастап, Хозяшевтың алдында бірнеше қауіпті жағдайлар орын ала бастады. Соның өзінде кезеңде салынған 3 шайба да Еремеевтің қақпасында орын ала білді. Кейіннен Демид орынына Куликов қақпаны қорғауға ауысты. Екінші кезеңнен кейін есеп 5:0.
 
 
Соңғы ойын кезеңінде теміртаулықтардың қақпасында шайба тағы да 3 рет соғылды. Қонақтар тек 1 ғана шайбамен жауап қата алды. Қорытынды есеп 8:1, ойын тарихындағы ең ірі есеп тіркелді.
 
 

“Бейбарыс” – “Темiртау” 8-1 (2-0, 3-0, 3-1)

 

00:37 Колесников (Клочков, Гатин) 1-0

 

14:40 Колесников (Басимов, Титов) 2-0

 

32:47 Ананичев Ал. (Ананичев Ар.) 3-0

 

37:05  Рыжий (Москалёв, Ананичев Ал.) 4-0

 

37:41 Воробьёв (Старцев, Курепанов) 5-0

 

43:44 Клочков (Москалёв, Ананичев Ал.) 6-0 ГБ

 

49:29 Рыжий (Москалёв) 7-0

 

51:22 Титов (Клочков, Басимов) 8-0 ГБ

 

53:29 Селиванов (Гусейнов, Потапов) 8-1 ГБ

 

 

Қақпашылар: Хозяшев – Еремеев(Куликов 37:05-51:22)

 

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес