Бапкерлердің «Бейбарыс» – «Темиртау» матчтарынан кейінгі пікірлері

21.10.2021

“Теміртау” ХК-ның бас бапкері Данияр Ахметов:

 

“Ең сәтсіз екі матч. Кеше тыңғылықты дайындықсыз шығяп, 3 гол жіберіп алдық. Келесі кезеңде жақсы шабуылдар жасалынып, гол соғатын мүмкіндіктер болып еді, алайда тағы 2 гол жіберіп үлгердік. Команданы жинақтағымыз келіп еді, алайда тым қиын шаруаға айналып үлгерді барлығы.
Бүгін жақсы бастағанымызбен, тағы да сол қателіктердің кесірінен голдар жіберіп алып жаттық. Қақпа голкиперлері қателесіп жатты. Өте нашар ойындар.

 

 

– Кешегі ойындағы екінші кезеңде сіздерге не жетіспеді? Ойын сценариясын өзгертетін жақсы мүмкіндіктер болды ғой?!

 

– Салқынқандылық жетіспеді. Гол соға алмадық.”

 

 

“Бейбарыс” ХК-ның бапкері Михаил Смольников:

 

“Біз үшін екі сәтті ойындар: көп шайба соғып, аз гол жібердік. Нөлге ойнадық бүгін. Ұжым мен қақпашыларды құттықтағым келеді. Жақсы ойындар болды.

 

 

– “Теміртау” ойынына қарсы дебют жасаған жаңа ойыншылар және қайта құрамға келген Егор Кожевников туралы не айтасыз? ( қорғаушы Иван Кузнецов және шабуылшы Алексей Клочков)

– Иә, Кожевников өз бестігіне оралды. Әзірше бестік нәтиже көрсетер емес, бірақ бұл сәттің келетіні жақын. Клочков керемет дебют жасай алды. Бүгін хет-трик авторы атанды.
Кузнецов – жақсы соққысы бар, мығым қорғаушы.

 

 

– Небәрі 15 күн ішіндегі 2 матч болды. “Горнякқа” қарсы ойынға жігіттер қандай формада келіп тұр?

– Команда керемет көңіл күймен ойнайтыны түсінікті. Қысым сезілмейді. Ойындардың есептері өздері – ақ сөйлеп тұр.

 

 

«Бейбарыс» ХК баспасөз қызметі

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес