Тур каһарманымен сұхбаты

24.10.2021

“Бейбарыс” ХК-ның баспасөз қызметі өткен тур қаһарманы Алексей Клочковтан сұхбат ала білді.

 

– Pro Hokei Ligasy сені осы айналымның үздігі деп санады. Алғаш естіген кезде қандай сезімде болдың?!

– Әрине, тур қаһарманы бола білген жағымды. Алайда қасымдағы әріптестерімнің көмегінсіз, мен бұл жетістікке жете алмас едім. Жалпы команда ойыны жақсы болды. Мұндай ұжымда ойнаған мен үшін жағымды өте. Құдай қаласа, осындай матчтар көп болады деген үміттеміз.

 

– Осындай атақ сен үшін не білдіреді?!

– Мен жайбырақат қараймын. Pro-лигасында алғашқы жетістігім, және мен қуаныштымын. Алайда, басқа да мән беретін нәрселер көп, мысалы плей-офф кезеңдерін жақсылап өткізу.

 

– Маңсабындағы ең керемет дебют деуге болады ма?

– Иә, деуге болады. Біріншіден айтарым, ересек хоккейдегі менің алғашқы хет-тригім. Сондықтанда, толыққынды айтар едім.

 

– Бестіктегі Колесников және Титовпен ойын қатынасын тез құра білдіңдер. Бірге ойнадыңыздар ма кезінде?

– Бірге алғаш рет ойнап тұрмыз. Ұжымдастарыммен енді келісіп келе жатырмыз деп ойлаймын. Олармен ойнаған өте жағымды. Егер біреуде бір нәрсе келіспей жатырса, айтып, көмектесіп жатамыз.

 

– Арсеналыңда ла-кросс секілді ерекше жаттыққан дүние бар ма?

– Жоқ, мен кішкене басқа типтегі ойыншымын. Менің ойыным физикалық күшке негізделген, қақпа алдында күрес жүргізу, соққымен көзге түсу т.б. Ал ла-кросс сияқты нәрселерді мен жасап көрмедім (күледі).

 

 

– Қазақстанға келу ұсынысы қалай болды?!

– Қазақстан жөнінде тек жақсы хабарлар еститінмін. Ал хоккей жағынан келетін болсақ, мында
ойнайтын таныс жігіттер көп. Мындағы хоккей Ресейдегі ЖХЛ-нан ерешеленетінін айтты. Біріншіден мында тәжірибелі жігіттер саны көп. Себебі ЖХЛ-да жас лимиті қойылған. Сондықтан көп хоккейшілер Қазақстанға келіп жатады. Біріншілікті көр нәрсені үйрете алатын тәжірибелі ойыншылар көп-ақ.

 

Матч кезінде жанкүйерлердің жан-айхайы қатты шыққанын айта кеткім келеді. Бізді қолдағандары үшін үлкен рахмет. Оларды қуантып тұруға тырысатын боламыз.

 

“Бейбарыс” ХК-ның баспасөз қызметі

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес