БАС БАПКЕРЛЕРДІҢ «БЕЙБАРЫС» – «ГОРНЯК» МАТЧТАРЫНАН КЕЙІНГІ ПІКІРЛЕРІ

26.10.2021

Сергей Невструев:

“Өте жанкешті, әрі бірдей ойындар болып өтті.
Кешегі ойынның үшінші кезеңі біз үшін нашар болып өтті, үшінші шайбаны жеке қателіктерден кейін жіберіп алдық. Сонымен қатар, мұздан қуу факторы да бізге кері әсерін тигізді. Үлкен штраф алғаннан кейін, ойын біз үшін сынып қалды. Алайда, жігіттер ойнады, барын салды, сәттері де болды. Бізге әзірше голдар жетіспейді.
Бүгінгі ойын бойынша: алғашқы 10 минутта ұйықтап қалдық, кейбір жігіттер мынандай ойын жылдамдығына дайын болмай шықты. Бірақ, артынша жігіттер жиналып, ойынға қайта орала алды, оларға сол үшін үлкен рахмет. Бір гол соғып алдық, содан кейін жанкүйерлерге ұнайтын екі жақты шабуылға толы матч бола білді. Біз де, қарсылас команда да көптеген мүмкіндіктерге ие бола алды. Қақпашылар керемет ойын-өрнегін көрсетті. Соңғы бөлікте мүмкіндіктеріміз болып еді, бірақ салқынқандылық пен тәжірибе жетіспей жатты.

 

– Екі матчтың да екінші бөлігін жақсы ойнай алдыңыздар. Неліктен?!

– Солай болған шығар. Таблодағы есеп алға ұмтылуды талап етті. Тәжірибелері аз, жас ойыншылар көп. Барлығын бір ауысымға беріп те қойып жаттық. Бірге – бір шыққан да кездер болды. Қақпашы құтқарып жатса, келесі сәтте қарсыластар гол сала алмай қалып жатты. Есеп бойынша ұтылып жатқан соң, алға ұмтылдық. Бір нәрсе шығып жатырса, екіншісі болмай жатты.

 

 

Артем Аргоков:

“Ақтөбедегі екі сәтсіз ойыннан кейін, қарсыластар өте қатты мотивацияға толы болып келді. Күшке толы ойынды салғысы келді. Командалық бұйрық пен уақытылы соғылған шайбалар үшін жігіттерге алғыс айтамын. Екі бірдей матчта бізді құтқарған, Дмитрий Хозяшевты да айта кеткім келеді.

 

– Екі ойынның екінші кезеңдерінде қарсыластар жақсы ойнап кетіп жатты. Себебі неде?

– Сәтті бірінші кезеңнен кейін, жігіттер кішкене босансып ойнап бастады. Ал жай ойнап бастаған кезде, қарсылас команда керісінше барлығын қосады. Сол кезде осындай ойын шықпақ.

 

– Матч басында күштік әдістен кейін Евгений Болякиннің мұз алаңынан кеткенін байқадық. Жағдайы туралы мәліметтер бар ма?!

– Жағдайы туралы айту әлі ерте. Қазір екі аяғымен жүргендіктен, барлығы жақсы болар деп ойлаймын.

 

“Бейбарыс” бірге-бір шыққан сәтте толыққанды мүмкіндікті қолдана алмай жатыр. Не жетіспейді?!

– Біздің шабуылшылар жақсы ойнаса, қарсылас команданың қақпашылар одан да жақсы ойнайды деген жақсы сөз бар. Салқынқандылық сәл жетіңкіремейді. Ойыннан-ойынға барлығы жақсаруы қажет. 



«БЕЙБАРЫС» ХК  БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
 
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес