«Бейбарыс-2008″ командасының капитаны Владимир Шкенёвпен сұхбат

13.11.2021

– Ақтөбеде өткен Федерация Кубогының бірінші турынан алған әсеріңмен бөлісе кетсең.
– Тур өте жақсы өтті. Ақтөбеде бізді өте жақсы қарсы алды. Жалпы, барлығы делік жоғарғы деңгейде бола білді.

 

– Капитан құқығында болып, сен комадаластарыңды жақсы әсер мен көңіл күй беріп отырғаныңды байқаймыз. Мұндайды қайдан үйрендің?
– Тәжірибемен бірге келді десе де болады. Жігіттер жақсы көңілмен де тұруы мүмкін, ал кейде керісінше сол көңіл-күйді көрсетуіміз қажет болады. Қажет болған жағдайда мен әрдайым дайын болуға тырысамын.

 

– Ақтөбе турнирді алғаш рет өз мұз алаңдарында қабылдап отыр. Жалпы алғашқы тур сен үшін қалай өтті ? Көңіліңнен шыққан немесе керісінше ұнамаған жағдайлар болды ма?
– Дайындық өте жоғарғы деңгейде бола білді деп айта аламын. Мысалы, әр ойын сайын бізге банандар, шоколадтар мен шырын беріп жатты. Бұл топ – деңгей. Бірінші бестікті шақырғандағы шоу – бастама да керемет әсер қалдырды. Менің хоккей өмірімде мұндай турнир алғаш рет болып тұр.

 

-Бес ойынның алтауын ұттыңыздар. Бұл біздің ең жоғарғы көрсеткішіміз. Үй турынан кейін бірінші позицияда болу үшін не жасау қажет деп ойлайсың?
– Сенімділік мол болу қажет. Жаттығу кезінде көп еңбектену қажет. Бұл ең бастысы.

 

-Қай қарсыласпен ойнаған қиын болды?
– «Құлагерге» қарсы бірінші ойында жақсы ойын көрсететін едік, алайда бір нәрсе дұрыс болмады. «Астанаға» да қарсы ойын оңай болған жоқ. Өте тез әрі техникалары бар жігіттер екен. Алайда, қателіктерімізбен жұмыстанып, қажетті көрсеткішке жете білдік.

 

-Біздің команданың мықтылығы неде деп ойлайсың?
– Біздің мықтылығымыз бірлік пен ішкі жан дүниемізде! Біз бір командамыз!

 

-Ендігі бізге қарсы қарсыластар бұрындағыдан қарағанда одан да мықты көңіл күймен шығады деп ойлайсың ба?
– Иә. Қосымша күш қосу қажет болады оларға. Біз ойын көрсетуге әзірміз.

 

-Сіздер әр ойыннан соң, басты жанкүйерлерің – ата – аналарыңды өте әсерлі құрмет көрсетіп жаттыңдар. Ал соңғы матчта, шоу көрсетіпте кеттіңдер. Бұл жоспарланған нәрсе болды ма?
– Соңғы матчта кейін, бірден сол жерде ойлап таптық. Ештеңе жоспарлаған да жоқпыз. Мұздан жәйдан – жәй кеткіміз келмеді. Өзімізге және ата – аналарымызға бұл бақытты кезді барынша ұзартқымыз келді. Түбінде кішкене спектакль болып шықты.

 

-«Ақтөбеден» кейінгі матчтан соң, шешінетін бөлмеде өз әріптестеріңе маңызды сөздер айта алдың. Өзің ойын сатысынан, жаттығу сатысына ауысуға дайынсың ба?
– Иә, мен хоккеймен өмір сүремін, бұл спорт түрін шын сүйемін. Барымша жұмыстануға дайынмын.

 

-Өзіңе қайсысы көп рахат әкеледі? Жаттығу немесе ойын кездері?
– Екі процессті де бірдей жақсы көремін. Екеуі де қос жүреді ғой. Жаттығу кезінде жаңа нәрсені үйреніп, дағдыланып жатсаң, ойында сол алған іліміңді көрсету қажет болады.

 

-Үй ойындарында жақсы ойын тілейміз.
– Рахмет, тырысатын боламыз! Ата – аналарымызға рахмет айтқым келеді. Біздің жеткен әр жетке әр жетістігіміз сіздердің арқаларыңызда! Ал бізге соңына дейін жақсы көрсеткіш көрсету үшін жұмыс жасап, тер төгуіміз қажетпі

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес