Евгений Дерябин: “Әрине, жұмыс жетеді”

15.11.2021

Евгений Дерябин:

«Турнир біз үшін эмоциональды болып өтті. Жігіттер жарады, толқуларын баса алды және турнир барысында қосып та жатты. Мақсатымыз айқын.

– Ақтөбе қаласындағы алғаш болған турнирдің өту деңгейі туралы айта кетсеңіз?!
– Қабылдаушы жаққа сөзім жоқ. Вокзалдан қарсы алғаннан бастап, шоу көрсетілімге дейін. Балаларға бұл үлкен көңіл-күй бере алды, кейбір ересек деңгейде де мұндай жоқ. Қажетті барлық сұрақтар тез шешіліп жатты: су, жемістер және т.б. шешінетін бөлмеде болды. Шынымды айтсам, осындай жоғарғы деңгейде өткен турнирге қатты таңғалып тұрмын.

– Тарихымызда алғаш болған бірінші орыннан кейін, келесі турды Атырауда қабылдап жатырмыз. Турнирлік кестенің лидері ретінде статусты сақтау үшін қандай нәрселермен жұмыстану қажет?
– Әрине, жұмыс жетеді. Жігіттер турнир барысында қосқанымен, біз көп шайба жіберіп жаттық. Шаршаудың кесірінен болды деп білемін. Осыған дейін, басқа командалардың ойындарын көрмегендіктен, немен жұмыстану қажет екендігін мен білген жоқпын. Ал ендігі жетістіктерге жету мақсатында не жасау қазет екендігін, нақты біліп тұрмын.

– Қарсыластар туралы. Әр команданы қысқаша сипаттап кетсеңіз.
– “Ақтөбеде” екі тез ойыншы бар дей аламын. Бұл ұжымға дұрыс көзқарас көрсетпей шықсаң, жазалап жібереді.

“Құлагер” мықтырақ және жинақы ұжым. Алайда олардың да өзіндік кемшіліктері бар. Егер оларға тез хоккей көрсетсең, олар саған үлгермей, айып алулары көбейеді. Екінші ойында осы арқылы ұтып кеткен болатынбыз.

“Астанада” бойшаң балалар жоқ, бірақ олар жақсы дайындалған. Контр шабуылдары біздің қақпаға болып жатты. Қорғаныш шеп үлгере алмай, фол жасап жатты. Қайталаймын, олар кішкентай және өте тез балақайлар.

– “Астанаға” қарсы екінші ойын көрермендер есінде қалғандары түсінікті. Соңғы минуттарда жеңісті қалай жұлып алып кеттіңіздер? Жігіттерге таим-аут кезінде не айта алдыңыз?
– Бұл ойын өте сәтсіз басталды, тез шайбалар жіберіп алдық. Балалар шайбаны қарсы мұз алаңына аудара білді. Қарсыласты мойындау қажет, керемет қорғана білді. Контр шабуылмен бізді ұстап жатты. Біздің шабуылда соңғы соққы жетіспей жатты. Үшінші кезеңнің бітуіне 1 минут қалған кезде, тәуекелге бел бууға тура келді. Бізде соққыға шығаратын ойыншымыз бар. Осы басты міндет болып айтылды, овертаим кезінде: Әділет Алиханды соққы жасауға мүмкіндік беру, соны орындай алдық.

– Үлкен рахмет! Үй турында сәттілік тілейміз!
– Рахмет

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес