Ойыннан кейінгі бас бапкерлердің ой-пікірлері

19.11.2021
Олег Шулаев:
 
Бірінші ойынды жақсы бастағанымызбен, екінші кезеңде жылдам 4 гол жіберіп алдық. Кішкене есеңгіреп қалдық десем де болады. Үшінші кезеңде де матчты құтқара алмадық. Бүгін барлығы қатаң болды. Алайда, кезең басында айыптар көп болды, бірақ кейін ойын тең күште өте білді. Тек адам саны басымдылығы кезінде контр шабуылдан гол жіберіп алдық. Жігіттер барын салды, алайда жеңіске сәл жетпеді.
 
 
– Андрей Спиридонов бірінші ойынға тыңнан шықты. Нәтижемен де көріне білді. Оның физикалық жағдайын қалай бағалар едіңіз?  
-Андрейде бәрі жақсы. Олар голды да салды кеше. Бүгін кішкене ауырыңқырап тұрған соң, ойын алаңына шыға алмады. Ал былай, Андрей жақсы деңгейде ойнап шықты, барлығы оның қолынан келуде.
 
 
 
Артем Аргоков:
 
Қарсылас бізге тез, физикалық тұрғыда мықты әрі қиын хоккей көрсете білген соң, ойындар өте қиын өтті. Плэй – офф кезеңіне команда түспей тұрғандықтан, барлығын салып ойнайтындықтары түсінікті. Сәттеріміз көп болғанымен, гол салуға мұрша болмады. Соның ішінде алғашқы матчта моменттеріміз көп – ақ болды. Ал екінші ойында қарсылас шыныменде тіс көрсете білді. Қақпашымызға алғыс айтқым келеді, көп жағдайда бізді құтқарып жатты.
 
 
– Кеше ойынға кіру үшін жарты кезең қажет болды. Біріншіліктегі ұзақ паузалар әсерін беруде ма? Әлде басқа да жағдайлар бар ма?
– Иә, дәл осы фактор әсерін беруде деп ойлаймын. Ойын кондицияларын ұзақ тоқталудан кейін жігіттер жоғалтып алып жатады. Ойын тонусы да кетіп қалады. Алайда, ойыннан – ойынға жігіттер жинақталатындарына сенемін. 
 
 
Екі ойында да негізгі фактор неде болды?
Жинақы ойынның және бапкерлік нұсқауды дұрыс орындағаннан шыққан қорытынды деп білемін.
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес