ОЙЫННАН КЕЙІНГІ БАС БАПКЕРЛЕРДІҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

22.11.2021

“Ертіс” командасының бас бапкері Евгений Штайгер:

 

“Ойындағы 0:6 және 4:8 есептері өздері ақ айтып тұрғандай. Екі команданың шеберлік деңгейлері екі түрлі екендігі қатты байқалады. Қарсылас әлдеқайда мықтырақ және деңгейлері де өте жоғары. Ал біздің ұжым барын салып, көрсетуде”.

 

– Үшінші кезеңде Валерий Штукент жарақат алып қалды. Алайда матчты соңына дейін ойнауға бел буды. Қақпашының жағдайы туралы медиқалық жұмысшылардан хабар бар ма?

– Жағдайы жақсы. Бұл хоккей, шайба қорғалмаған жерге тиіп кері серпілді.

 

 

Артем Аргоков “Бейбарыс” командасының бас бапкері:

 

«Ертіс” командасы тез және қатты хоккей ойнағысы келетін жас ұжым болып табылады. Екі матч қорытындысы бойынша , әрине біздің жігіттерде тәжірибе мол екенін байқадық. Алайда жастарда жақсы көріне алды. Шабуылды қорытындылау қажет кезде, тәжірибе жетіспегендіктен көп мүмкіндікті жіберіп алды қарсылас команда. Соның арқасында екі матчты ұттық».

 

– Жанкүйерлер осы маусымда алғашқы рет қақпашылар Базарбеков пен Шевченконың ойындарын тамашалай алды. Лоншаков пен Шамбазовта бірінші рет мұзға шықты. Әр хоккейші туралы пікіріңізді айта кетсеңіз?

– Салим Базарбеков жарақаттың кесірінен ұзақ уақыт ойынға шыға алмады. Ал Шевченко болса, хоккейлік өмірін ендігі бастап келе жатырған жігіт. Қобалжу да байқалды. Сенімділік жетіспеді.

– Лоншаков пен Шамбазовқа келетін болсақ, жігіттерге мүмкіндік берілді, және олар бұл мүмкіндікті толыққанды пайдалана алды деп білемін.

 

– Ойын соңындағы 5*3 форматындағы ойында, команда ұжымы Илья Рыжийға алыстан соққы бағыттауға бірнеше мәрте мүмкіндік берді. Бұл бапкерлік нұсқау немесе ойын сәті болды ма?

– Қорғаушылармен ойнау нұсқауы берілді. Илья Рыжиймен ғана емес. Қорғаушыларға пас жеткізіп, қақпа алдын торауылдап, алыстан соққылар жасау нұсқауы болды. Жалпы бұл схема жұмыс жасап тұрды. Қалац болғанда да, барымызды салдық.

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес