Бейбарыс

Континентальдық кубоктың III кезеңі мәресіне жетті!

290Просмотры

Қайырлы күн, құрметті жанкүйерлер қауымы! Көзді ашып жұмғанша осынау қатты күткен Континентальдық кубоктың III – ші кезеңі де мәресіне жетті.

15 – 17 қараша күндері арасында Польша елінің Краков қаласы қабылдаған бұл турнирде, Қазақстан чемпионатының қазіргі чемпионы «Бейбарыс» хоккей клубы өзінің нағыз деңгейін өкінішке орай көрсете алмады.

Алғашқы ойында атыраулық клуб жергілікті «Краковия» командасыменен бақ сынасты. 1 – ші кезеңнің бастапқы минуттарында – ақ поляктар Дмитрий Волошин қорғаған қақпаны алыстан көздеп, табло есебін өгертті. Екінші голмен де көп созбады. Бірнеше минуттардан кейін есеп 2:0 – мен  жергілікті команданың еншісіне ұласты. Қуанышымызға орай, алғашқы периодтың ортасында шабуылшы Степан Филонов гол айырмасын қысқартты. Қарсылас команда қорғаушыларының қателігін ұтымды пайдаланған Степан қақпаны дәл көздеді. 2:1. 3 – ші кезеңнің соңында, Бейбарыс қақпа алдындағы қарбалас сәтті ұтымды пайдаланып, мүмкіндікті жібермеді. Қажетті уақытта, керекті позицияда болған, қорғаушы Дмитрий Степанов болды. Есеп теңесіп, ойша овертаимда едік. Алайда бұл жөнінде мұз айдыны қожайындарының өз ойлары болатын. Ойын бітуіне 1 минут уақыт қалғанда Краковия командасының ойыншысы Kapica D. қақпаның сол жақ жоғарғы шетіне шайбаны дүптеп қадап, жергілікті жанкүйерлерді бір қуантып жіберді. Бірінші күн Бейбарысқа осылайша жеңіліспен басталды.   

Келесі матч Украина елінің чемпионы «Донбасс» хоккей клубымен болды. Бұл ойында Клинганың шәкірттеріне жеңіс ауадай қажет болатын. Қарқынды басталған бұл матчта атыраулық команда өте жақсы ойын өрнегін көрсете бастаған еді. Бірақ, периодтың ортасында украиндық қарсылас контр шабуыл арқылы таблодағы ұпайды өзгертті. Алдағы уақытта Альберт Вишняков ойынды теңестіреді. Дәл сондай тапсырманы Евгений Дерябинде орындайды. Ал Донбасс шабуылшысы Korenchuk I. хет – трик жасап, ойынды өз қолдарына иемденеді. Капитан Денис Макаров соққан гол да 3 ұпай алуға жеткізбеді. Ойын қорытындысы: 3:5 Донбасстың жеңісі.

Осылайша 2 – ші ақ күнде финалдық кезеңге шығуға барлық мүмкіндіктен айырылған команда, белорустық Неман командасын 4:2 есебімен басын бүгіп, 3 ұпайға қол жеткізді.

Турнир иә шыныменде біздің жігіттер үшін сәтсіз болды. Оны мойындау қажет. Алайда бар білгендерін салып ойнағандарын жоққа да шығаруға болмайды. Бас бапкер Владимир Клинганың айтуына да қосылмасқа болмайды. «Барлық матчта жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Мүмкіндіктерді голға айналдыра алмағанымыз болмаса, қалған аспектілерге сөзім жоқ. Жігіттер барын салды, күмәнсіз» – дейді тренер.

Добавить комментарий