“Бейбарыс” алдында тек қана жоғары нәтиже мақсатталады.

04.09.2021

Parimatch Қазақстан Кубогынде командаңыз топ арасында бірінші орын алып, кейін ширек финалда “Ақтөбеден” ұтылған болатын. “Бейбарыс” хоккейшілерінің ProLigasy біріншілігінің басындағы функционалдық тұрғыдағы жағдайлары туралы не айта аласыз?

 

– Қазіргі дайындық бөлімінде жігіттердің функционалдық жағдайлары жақсы деп айта аламын. Турнир біте салысымен, біз дайындық жоспарын жалғастырдық. Біріншілікке тыңғылықты дайын болып келіп, матчтан матчқа қоса береміз деген үміт бар.

 

 

Қазақстан Кубогы турнирін қоса санағанда, команда толыққанды дайындық жұмыстарын жасап жатыр деуге келеді ме?

 

– Әрине. Алдыңғы жылдан қарағанда, биыл біз жаттығуларға ерте шығып, мұзға шығып кеттік. Турнирдың да уақытылы, жаз кезінде болғаны да жақсы болды. Команданың толық дайын болуына, спарингтерде керек болады ғой.

 

 

– Команда алдында Қазақстан Кубогынде нақты тапсырмалар болды ма? Немесе Сіз бұш турнирді біріншілікке дайындық ретінде қарадыңыз ба?!

 

– Бір жағынан иа, бұл біріншілікке дайындық ретінде қалыптасқан турнир. Алайда, соңғы жылдары Қазақстан Кубогыне деген көзқарас өзгеріп, қазір барлық ұжым жеңгілері келетіндігі сыр емес.

 

 

– Біріншілікке дайындық жұмыстарына көңіліңіз толады ма?

 

– Жалпы иа, қанағаттанатындай. Жоспарлағанның барлығын жасай алдық. Тек жолдастық кездесулер санын арттырғымыз келіп еді, бірақ пандемияға байланысты қазір бұл бағытта жұмыстану қиындау болып тұр.

 

 

– Пандемия хоккей саласына тағы да өз әсерін салып үлгерді. Команданың барар жолы өзгеріп жатты, турнир уақыты мен орыны да өзгеріске ұшырады. Соған байланысты жұмысыңызға кейбір өзгерістер енгіздіңіз бе?

 

– Өзгерістер болды, бірақ ондай айтарлықтай емес. Мысалы, қосымша орын ауыстырғанға жігіттерге күн демалыс беріп жаттық. Бұндай сәттер жие орын алып жатады.

 

 

Қарсыластар туралы айтсақ. Қандай командалардан тосынсый күтуге болады деп ойлайсыз?!

 

– Біріншілікте кез келген команда тосынсый жасай алады. Жалпы лигамыздың командалары терезелері тең деуге келеді.

 

 

– Лиганың лидері саналатын “Сарыарқа” командасына кім жақсы тойтарыс бере алады деп ойлайсыз?

 

– Тренерлік этикаға сүйеніп, нақты біреуді айтпас едім. Алайда, жақсы ойын көрсете алатын, бірнеше командалар тізімі бар.

 

 

– Команданың жалпы түр тұлпаты сақталған. Алайда келгендер саны да аз емес. Нақты айтсам, қазақстандық куәліктері бар , екі мықты қақпашы Мальгин мен Хозяшев. Ойын уақытын қалайша бөліп беретін ойыңыз бар?

 

– Шыныменде бұл жағынан ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз. Бізде қазір 4 бірдей қақпашы бар, регламентке сүйеніп, қай-қайсысында шығаратын ниетіміз бар. Маусым көрсетер. Қақпашылар арасындағы мұндай үлкен конкуренция жақсы жағынан серпіліс береді деп ойлаймыз.

 

 

– Басшылық тарапынан маусымдағы мақсаттар айтылды ма?

 

– “Бейбарыс” алдында тек қана жоғары нәтиже мақсатталады.

 

 

– Лига ұсынған жаңа ұпайлар есептеу жүйесі туралв не ойлайсыз?

 

– Жүйені бағалау үшін, тәжірибе керек. Біз болсақ, нәтижелі хоккей көрсете білсек болғаны.

 

 

– Осы маусымда жанкүйерлермен ойындар өтетіндігін алға тартып, Сізден фанаттарға тілегіңізді күтеміз.

 

– Мұз айдынында жанкүйерлермен қауышамыз деген үлкен ниет бар. Үйде болатын ойындарды тағатсыздана күтудеміз. Олардың керемет қолдауларын сағындық.

 

                                                                                                                                                             «Бейбарыс» ХК баспасөз қызметі
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес