“Бейбарыс” ХК ойыншыларының үй сериясынан кейінгі үздік статистикалық көрсеткіштері (8 матч үшін):
Сергей Твердохлебов-нәтижелігі 9 (3+6) ұпай.
Қорғаушылар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш Иван Степаненко мен Михаил Дыньковтың есептерінде – екеуі де 3 (1+2) ұпай.
Үйдегі үш ойында “Бейбарыс” қақпасын Дмитрий Мальгин, біреуінде Дмитрий Хозяшев қорғады.
Мальгин қақпасындағы қарсыластар 145 рет шайба лақтырып, олардың 80-і қақпаға түсті. Шайбаны қайтару пайызы 92,5% құрайды.
Ал Хозяшевке болса қарсыластар 56 рет соққы жасап, оның 29-ы қақпаға көзделген болатын. Шайбаны қайтару пайызы – 86,2%.
“Торпедомен” болған матчтарда біздің команда қарсыласынан 41-31 және 38-29 соққылары бойынша асып түсті.
“Номадпен” болған екі матчта болса, қарсылас соққылар саны бойынша мықты болды: 24-30 және 21-29.
Денис Курепанов 4 матчта 13 рет қақпаны көздеп, соққы жасаған. Бұл біздің команданың ойыншылары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Шайбаны ойынға қосу жағынан статистикалық көрсеткіштер:
“Торпедомен”: 53 рет Бейбарыс ұтса (бірінші ойында 29, екінші ойында 24), және 77 (бірінші ойында 35, екінші ойында 42) қонақтар жағында.
“Номадпен”: 69 рет Бейбарыс ұтса (бірінші ойында 39, екінші ойында 30), және 31 (бірінші ойында 20, екінші ойында 11) “Номадтықтарда”.
4 матчтың қорытындысы бойынша” Бейбарыс” жалпы пайыздық өлшем бойынша 53% ұтысқа ие болған.
Айып уақыттары:
Соңғы ойында Герман Шапорев дөрекілік үшін 4 минут алды,қалған барлық айыппұлдар екі минуттық.
“Бейбарыс” ойыншылары 4 ойын үшін 40 айыппұл минутын алды.
Қарсыластың ойыншылары да 40 минуттық айыпқа ие болған.
2 рет біздің хоккейшілер 5 – те 3 форматын, және 3 рет адам саны басымдылығын қоодана білді.
Адам саны аз кезде “Бейбарыс” 5 рет шайба жіберіп алды:
3 рет Торпедодан, 2 рет Номадтан.
Шайбаға талас:
617 рет хоккейшілер шайбаға таласты. “Бейбарыс” ойыншылары 316 рет жеңіске жетті , бұл 51,2% – ды құрайды.
4 үй матчында “Бейбарыс” ойыншылары арасындағы күштік амал жасау саны бойынша көшбасшы: Герман Шапорев (8 рет күштік әдіс жасады).
Ұжым сырт алаңда болатын ойындарға дайындалуда. 2-3 қазан Ақтөбедегі Батыс дербиі, және 6-7 қазан күндері Қарағандыдағы “Сарыарқамен” матчтар.
«БЕЙБАРЫС» ХК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ