Бейбарыстық бас бапкер бірнеше өзгерістермен құрамды таныстырды. Барлық делік ауысымдар жаңадан келген ойыншыларға қатысты. Бірінші бестіктің қорғаныш шебінде Алексей Ишмаметьевтің қасына Иван Кузнецов тағайындалды. Ал екінші бестікте Титов және Колесниковтың жанына Алексей Клочков атты жаңа ойыншы қосылды.
Сонымен бірге Кожевников-Гарифулин-Закарлюкин мықты үштігінің қайта жинақталғанын байқауға болады
Бірінші кезең алаң қожайындарының шабуылымен басталды. Алғашқы минутта-ақ Никита Колесников қақпа саңылауын таба алды. Кезең соңына 5 минут қалған кезде дәл сол Колесников дубль жасай алды.
“Бейбарыс” – “Темiртау” 8-1 (2-0, 3-0, 3-1)
00:37 Колесников (Клочков, Гатин) 1-0
14:40 Колесников (Басимов, Титов) 2-0
32:47 Ананичев Ал. (Ананичев Ар.) 3-0
37:05 Рыжий (Москалёв, Ананичев Ал.) 4-0
37:41 Воробьёв (Старцев, Курепанов) 5-0
43:44 Клочков (Москалёв, Ананичев Ал.) 6-0 ГБ
49:29 Рыжий (Москалёв) 7-0
51:22 Титов (Клочков, Басимов) 8-0 ГБ
53:29 Селиванов (Гусейнов, Потапов) 8-1 ГБ
Қақпашылар: Хозяшев – Еремеев(Куликов 37:05-51:22)