“Бейбарыс” қатарынан үйде сегізінші рет жеңіске жетті

25.10.2021

“Бейбарыс” сапында кешегі ойыннан қарағанда бір ғана өзгеріс пайда болды. Шапоревтың орынына Курепановтың шыққанын көрдік.

 

Алғашқы шайбаны салу үшін Дениске 13 – ақ секунд қажет болды. Голдан кейін жігіттер шабуыл желісін тоқтатқан емес. Рудныйлықтар болса, Болякинге қарсы дөрекі ойынымен жауап қатты. Соңғысы киім ауыстыратын бөлмеге қара бет алды. Ал бейбарыстықтар, дөрекілікке тағы да бір голмен жауап берді. Кезең соңына қарай “Горняк” бір – ақ голмен жауап қайтара алды.

 

Екінші кезеңді қонақтарға берген дұрыс болар. Сергей Невструев шәкірттері жақсы шабуылдар жасай білді.

 

Үшінші кезеңде ойыншылар бір-бір шайбамен алмасты. Осылайша, “Бейбарыс” үй алаңындағы қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізе алды.

 

 

“Бейбарыс” – “Горняк” 3-2 (2-1, 0-0, 1-1)

 

00:13 Курепанов (Гатин, Воробьёв) 1-0

05:02 Григоркевич (Кожевников) 2-0 ГБ

17:56 Юлбарисов (Штефан, Москалёв) 2-1

48:18 Ананичев Ал. (Ананичев Ар.) 3-1

51:05 Кротов (Гурьев, Юлбарисов) 3-2 ГБ

 

Қақпашылар: Хозяшев – Скрынников 

 

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес