Үйдегі ойындардың сандары мен фактілері (“Темiртау” және “Горняк”).

29.10.2021

Бомбардирлер:

 

Өз алаңындағы матчтар сериясынан кейін біздің команданың үздік бомбардирі – Александр Ананичев. Шабуылшының 16 (8+8) ұпайы бар.

Қорғаушылар қатарынан көрсеткіші ең жоғарғы болған Иван Степаненко – 6 (2+4) ұпай.

 

 

 

Қақпашылар:

 

Қақпашы Дмитрий Хозяшев барлық үй ойындарында қатысты.

Хозяшев қақпасына қарсыластар 228 рет шайба лақтырып, олардың 137-і қақпа ішіне бағытталды. Шайбаны қайтару 97% құрайды.

 

 

 

Нысанаға соққылар:

 

«Темiртау» ойыншылары біздің қақпаға 55 рет соққы жасады, ал біздің хоккейшілер 92 соққы жасай алды.

 

«Горняк» ойыншылары біздің қақпаға 82 рет соққы жасаса, ал “Бейбарыс” хоккейшілер 74 соққы жасады.

 

 

 

Шайбаға күрес:

 

“Темiртауға” қарсы матчтарда

 

137 (40 бірінші матчта және 97 екінші матчта) “Бейбарыста”, 147 (37 бірінші матчта және 110 екінші матчта) “Темiртау” командасында.

 

“Горнякқа” қарсы матчтарда

 

181 (102 бірінші матчта және 79 екінші матчта) “Бейбарыста”, 166 (83 бірінші матчта және 83 екінші матчта) “Горняк” командасында.

 

 

Барлығы 4 кездесуде «Бейбарыс» 50,4% шайбаға күресуде ұта алды.

 

 

 

Айып уақыты:

 

Барлығы 4 ойынға «Бейбарыс» ойыншылары 64 айып минутына ие болды.

 

Қонақ командасы 4 кездесуде 91 айып минутын ала алды.

 

«Теміртаумен» өткен матчтарда Артём Аргоковтың шәкірттері 4 рет сандық басымдыққа қол жеткізді.

 

«Горнякпен» өткен матчтарда біздің команда 2 рет, ал қонақтар 1 рет адам саны басымдылығын қолдана алды.

 

 

 

Шайбаға күресу жөнінен статистика:

 

Шайбаға күресу үшін хоккейшілер 256 рет мүмкіндік алған. Оның 148 рет біздің жігіттер ұтып шықты. Пайыздық өлшеммен 57,8% құрайды.

 

 

 

6 және 7 қарашада «Алматымен», одан кейін 10 және 11 қарашада «Алтай Торпедомеү» сырт алаңда ойындар жоспарланған.

 

                                                                                                                                                        «БЕЙБАРЫС» ХК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес