«Бейбарыс» – «Сарыарқа» матчтарынан кейінгі бас бапкерлердің ой-пікірлері

16.12.2021

Александр Макрицкий:

 

«Екі түрлі ойын болды. Бірінші матчта, адам саны басымдылығын толыққанды пайдаланылған, ашық хоккей өрнегін көрсете білдік. Сенімді келе жатып, басымдылықты жоғалтып ала жаздадық. Алайда, адам саны көптікті жүйелі түрде пайдаланып, голдарды соғып алғанымыз ғана жеңіске жеткізе алды. Қорғаныш шебінде одан да жақсы ойнай алуға болатын да еді”.

 

– Кешегі ойында көп шайба сала алдық дедіңіз. Ал бүгінгі ойында не үйлеспеді?

– Бүгінгі матч мүлдем басқаша болатынына біз білдік. Күреске толы, жабық және қорғаныш стиліндегі хоккей болды. Былай айтқанда, алғашқы голға дейін ойын жүрді солай. Өкініштісі сол, голды екі бірдей рикошеттен кейін біз жіберіп алдық. Содан кейін, гол саламыз деп жүріп, қорғанысымызды сәл ашық тастадық. Өз сәтімізді пайдалана алмай, голдар жіберіп алдық. Кездесу бірдей болды, ол жөнінде статистикада айтып тұр. Қақпашымен бірге бір шығыпта жүрдік. Ал қарсылас болса, біз беріп қойып жатқан барлық мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана алды.

 

 

Артем Аргоков:

 

“Қарағандылықтар лидер статусында келгені түсінікті. Жақсы қозғалып, түсіністіктері жоғарғы деңгейдегі команда. Континентальды кубокта да, ішкі біріншілікте де керемет ойын көрсетіп жүрген ұжым. Бұл матчтар біз үшін өте қиын өтті. Бірінші кездесуде, қатты қалаудын кесірінен ашық хоккей бола білді. Бірақ, бүгін көңілімізді дұрыс бағытқа арнап, тактиканы өзгертіп, сонымен бірге, қақпашының да сәтті ойыны біз үшін жеңіс алып келді.”

 

– Бірінші матчтан қарағанда, бүгін екі ұжымда сақ ойын бастады. Кешегі кездесудегі үшінші кезеңнің “Триллері” солай әсер етті ме?

– Солай деуге болады. Қорғаныш шебін дұрыстап шықтық бұл ойынға. Сондықтан да, біздің және қарсылас жағынан нәтижелік голдар өте аз бола білді.

 

– Салим Базарбеков туралы айтып өттіңіз. Оның деңгейін қалай бағалар едіңіз?

– Салим ұзақ ойнамады. Маусым басында операция өткізіп, ұзақ емделді. Маусым ортасында қазір бұрыңғы қалпын жинап жатыр. Әрине орта белде форма жинау қиын. Алайда ойыннан ойынға ол алдыңғы маусымда болған спорттық қалыпқа тез келеді деп үміттенеміз.

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес