Бас бапкердің пікірлері

25.01.2022

СЕРГЕЙ БЕРДНИКОВ:

 

 

“Командалар хоккейді сағынғандары көрініп тұр. Айға созылған үзіліс кішкене артқа тартты бізді. Сондықтан да болар, жаңа жылға дейінгі болған хоккейімізді басында көрсете алмадық. 2 ұпай алғанымыз жақсы болды.

 

Бірінші матчқа келетін болсақ, ойын сәтті өтіп жатты. Ойын тұлғасы емес, есеп бойынша. Мүмкін сәйкестік шығар, бірақ біз алға шыққан кезде, бірден қарсылас теңестіріп кетіп жатты. Мұндай жағдай команданың сағын сындырады. Қарсылас соны пайдала кетті. Кездесудің соңғы жағындағы өз зонамыздағы болмайтын айыптан кейін, атыраулық ұжым гол соғып, жеңісті алып кеткен болатын. Алайда, соңғы шабуылымызда да шайба бағанаға тиіп серпілді. Қалай болғанда да, мықтыға сәтте түсер.

 

Бүгінгі матч бойынша:
Сырғанаусыз, күндізгі ойын болатынына дайындалдық. Алғашқы кезеңде қарсылас күрес жағынан бізден мықтырақ көрінді. 5*3 форматында ойнап, мүмкіндік алғанымен, бар жоғы 3 ақ соққы жасай алдық. Атыраудағы мұз айдыны тым салқын болғандықтан шығар, шайба бір орында тұрмады. Ол жөнінде жігіттерге айта кеттім. Екінші кезеңде жақсы голдар соға алдық: адам саны басымдылығы кезінде және контр шабуыл кезінде. Сонымен бірге, адам саны аз болғанда да қарсыластарымыз қақпашыға бетке-бет шығып кеткен сәті де болды. Контр шабуылдың арқасында гол соғып кеттік. 2 шайба айырмасы ол сырғанақ есеп. Оның үстіне қарсыластарымыз гол соғып, айырманы қысқартып жатты. Әйтеуір дегенде, төрт адаммен ұстап шығып, үшінші голға да қол жеткіздік. Бізге қажетті керемет жеңіс. Алайда, жаңа жылдан кейінгі ойын сапасы ақсаңдауда”.

 

 

 

АРТЁМ АРГОКОВ:

 

“Ойындар өте қиын өтті. Ұзақ пауза да өз септігін тигізді. Екі ұжымда ойын ритмін жоғалтып алғандай. Сондықтан да шығар жаздық хоккейге ұқсап кетті. Күштік әдіс пен күрестің көп болғаны да содан болу керек. Соның кесірінен, тактикалық хоккейді көре алмадық.

 

 

– Вячеслав Ипатов алғашқы ойынын өткізді. Сол жөнінде не айта аласыз?
– Отбасылық себептермен Вячеслав бірнеше күн жаттығуды өткізіп алғандықтан, сәл формада емес. Екі матчта да олардың бестіктері жаман емес көрінді. Сондықтан да келешекте барлығы жақсы ойын өрнегін көрсетеді деп сенемін. Кейбір сәттерде жігіттерге жә ғана сәттілік жетпеді. Тіпті бірнеше рет бос қақпаға да сала алмай қалды.

 

 

– “Бейбарыс” үшін турнирлік кестенің лидерінен 2 ұпай алу жақсы көрсеткіш па?!
– Фавориттерді ұтқан әрдайым жақсы сезім қалдырады.Алайда біздің ұжымда мықтылардың қатарында. Бізге де биік шыңдарды бағындыру басты мақсат!”

 

 

                                                                                                                                                                 «БЕЙБАРЫС» ХК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес