Бапкердің пікірлері

30.01.2022

ВИКТОР БЫСТРЯНЦЕВ
«Алтай-Торпедо» командасының Міндетін атқарушы бапкері:

 

“Екі жеңіспен қарсыластарымды құттықтаймын. Көп гол жіберіп алсақта, жалпы мағсн командамыздың ойыны ұнады, жастардың ойыны ұнады. Қонақтық кездесулер сериясы өте ауыр болды, ендігі үйде болатын ойындарға дайындаламыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілегім келеді. Екінші кезеңде салынған шайбалан екі ойынның да тағдырын шешті дейтін болжамды, жәй ғана сәйкестік дер едім.”

 

 

АРТЁМ АРГОКОВ
“Бейбарыс” Бас бапкері:

 

“Қарсыластарымыз жас жігіттер. Ақтөбеден кейінгі сәтті ойындардан кейін, бізге қарсы жақсы көңіл-күймен шыққандарын байқадық. Бүгінгі ойын туралы айтсақ, өскемендіктер шаршаңқырап қалғандарын байқауға болады. Басталған шаруаны да соңына дейін бітіре алдық.”

 

– Шапоревтің мұздан қуылғандығы жөнінде айта кетсеңіз:
– Бұл дисциплиналық айып болатын. Ережеде нақты жазылған: ойыншы бапкерлер жағына қандай да бір сөздер немесе жесттар көрсетуге болмайтындығын.

 

– Бүгін Никита Баженов жарақат алған секілді.
– Иә, біз бұл сәтті көріп шықтық. Жаңа ережеде, егер қарсылас шайбаны өз зонасынан шығару сәтінде, байқаусыз ойын таяғымен қарсыластың бетіне тигізіп алса, бұл ойын ережесінің бұзылғандығы болып саналмайды. Өкінішті сәт болғанымен, бұл үшін 2 минут айып берілмейді.

 

– “Алтай-Торпедоға” қарсы қандай компонент шешіп кетті?
– Ойын тазалығы мен берілген нұсқауларды орындау. Матчқа тиесілі нұсқауды соңына дейін жігіттер орындап, жақсы ойын көрсетті”

 

 

                                                                                «БЕЙБАРЫС» ХК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
 
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес