Бас бапкердің пікірлері

03.03.2022

МИХАИЛ ШАНЦЕВОЙ:

 

 

“Жақсы ойындар болды. Кешегі матч жөнінде: жақсы бастадық, екінші кезеңде 4 шайба жіберіп, көп қателіктерге бой алдырттық. Теңестіруді қаласақ та, есеп айырмасы тым көп болды.

 

Бүгін “жайсаң” ойын басталды, алайда өз мүмкіндіктерімізді толыққанды пайдала алдық.”

– Ширек финалда ақтөбеліктермен кездесу мүмкіндігі жоғары. Өткен ойындар туралы қарсылас жөнінде ой-пікіріңіз бар ма?!
– Иә, кездесу мүмкіндігі жоғары. “Бейбарыс” – шапшаң команда. Қорғаныстан шабуылға тез көше алады. Дайындалатын боламыз.

 

– Құрамыңызда кезінде атыраулық ұжымда ойнаған жігіттер саны көп. Жекелеп сөйлесіп, көңіл бөлгеніңіз болды ма?
– Жоқ, кезекті матчтар. Біріншілігімізде ойыншылар мен командалар саны көп емес. Сондықтан өзге командалар да ойнау мүмкіндігі жоғары.

 

 

 

 

 

АРТЁМ АРГОКОВ:

 

Ойындар маған қатты ұнады, соның ішінде алғашқы кездесу. Онда көп мүмкіндіктер, голдар мен жақсы жеңіс бола білді.

 

Екінші матчта жас ойыншыларға ойнауға жол аштық. Сонымен бірге, жас қақпашыны да шығардық. Толыққанды ойнаған Григорий жарады. Ол үшін үлкен сәт болды деп ойлаймын.”

 

– Біріншіліктің алғашқы кезеңі бітуі жақын. Команда қандай көңіл күймен келіп тұр?
– Команда жақсы көңіл күйде. Жігіттерге жақсы кезең бола білді. Қонақтық кездесулер сериясында ойыншылар “қиын” қозғалды, және үйдегі “Құлагерге” қарсы ойында да хоккейшілердің “ауыр” қозғалып жүргендерін байқадық. Алайда, осы 2 ойын жақсы формада екендерін байқатқандай.

 

– Плей-офф кезеңіне құрам толыққанды жинақталды ма?
– Иә, құрам жинақтаулы. Маусым бойы ойнағандар, плей-оффта да өнер көрсететін болады.

 

 

                                                                                                                                                                 «БЕЙБАРЫС» ХК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес