“Алғашқы минуттардан ақ жеңісті ойладық. Бірінші кезеңде аймақтық басымдылыққа ие болсақта, гол жіберіп алдық. Артынан жинақталып, 2 гол сала білдік. Екінші кезеңде, қарсыластарымызда мүлдем мүмкіндік болмағандай болып көрініп еді. Алайда өзіміз ойынды беріп қоя жаздадық. Осы жолы, овертайм арқылы жеңісті уысымызда сақтай алдық.”
– Көп күш пен энергия кетті. Бүгінгі матчқа дайынсыздар ма?
– “Әрине, күш жігеріміз жеткілікті. Жас ұжымбыз, энергиямыз жетеді”.
– Ақтөбенің жанкүйерлері жақсы қолдау көрсетті. Моральдық тұрғыда қиын болмады ма??
– “Үйде ойнаған кезде, біздер мықты қолдау мен импульс сезінеміз. Ал мында ондай сезім болмады. Мүмкін Атыраудағы қолдау мықтырақ шығар. Біздер үшін солай көрінді”.
– Ойын барысындағы Денис Григоркевичтің матчтан шығып қалуы, қалай әсер етті?
– “Иә, айыптан кейін қорғаушыларға қиын болды. 6 қорғаушы қалғандықтан, үлкен қысым пайда болды. Біздер де көмектескіміз келді, алайда қандай да болмасын ойыншы айыпталса, бізге қиын түсетіні хақ”.
– Үшінші ойында күштік әдіс, эмоциялар көп болды. Серияның ұзақ болғаны, ойынның қызу болатынын байқатады ма?
– “Плей-оффта кез келген матч маңызды. Ұтқан сайын, психологиялық тұрғыда ұтысты сезінесін. Сондықтан әр ойын, жаңаша басталады”.