U-13 және U-11 федерация кубогы

25.03.2022

Наурыз айында “Бейбарыс-2008” және “Бейбарыс-2010” балалар командалары Федерация кубогының В тобындағы үшінші турға қатыса алды.

 

 

Евгений Дерябин жігіттері Петропавлда қонақ болды. Сонымен қатар топта: “Құлагер”, “Астана”, “Ақтөбе”, өзбекстандық “Ташкент Селект” командалары да болды.

 

Біздің хоккейшілер қатарынан “Ташкент Селект”, “Ақтөбе”, “Астана” ұтып , турнирді бірыңғай өткізді.

 

Соңғы ойын күнінде “Құлагерге” есе жібердік. Ойын бітуіне 6 секунд қалғандағы салынып кеткен шайба, петропавлдықтарға матчтағы 3 ұпайдан бөлек, турнирлік кестеде де 1-ші орын алып берді.

 

Қорытынды 4-ші тур Атырау қаласында 11 мен 14 сәуір күндері арасында өтетін болады.

 

 

 

“Федерация кубогы U-11” турнирінің үшінші турында Артём Дмитриевтің “Бейбарыс-2010” командасы қатысты. Жарыс Ақтөбе қаласында өтті.

 

 

9 команда қатысты: астаналық “Барыс”, шымкенттік “Тұран”, павлодарлық “Ертіс”, “Рахымжан” Алматы қ. “Ақтөбе”, “Бейбарыс”, астаналық “Бригантина” мен “Астана”, “Медведи” Алматы қ.

 

8 матчта жігіттеріміз 3 жеңіс тапты.

 

3 турдан кейінгі қорытынды турнирлік кестеде “Бейбарыс-2010” 29 ұпаймен 6 орында тоқтады.

 

Төртінші турдың күні мен болатын орыны туралы кейінірек айтылатын болады.

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес