Михаил Дынковқа дисквалификация мерзімін өзгертті

08.04.2022

4 сәуір күні Pro Hokei Ligasy саитында, “Бейбарыс” қорғаушысы Михаил Дыньковтың қарсыласты бортқа итергені үшін 6 (3+3) матчқа дисквалификация берілгені туралы ақпарат шыққан еді. Барлық БАҚ және әлеуметтік желілерде бұл жаналық таратылған болатын.

Қазіргі сәтте, қорғаушыға 2 (1+1) дисквалификациялық матч түріндегі жазаға ауыстырылғанын жеткіземіз.

Осылайша Михаил Дыньков жартылай финалдық серияның 6-шы кездесуіне қатыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Арлан» – «Бейбарыс» сериясының алтыншы кездесуі ертең, 9 сәуірде Хиуаз Доспанова мұз сарайында өтеді . Матч сағат 17:00- де бастау алады.

Командамызға үлкен қолдау қажет!

Демеушілер мен серіктестер
Бас серіктес
Бас демеуші
Техникалық серіктес
Ақпараттық серіктес