Тұрақты маусымның соңғы матчысына командалар аз өзгеріспен келді.
“Бейбарыстың” сапында тек 4 -ші бестікте өзгерістер болды. Лоншаков пен Рыжийдың орынына, Григоркевич пен Севостьянов шықты.
Павлодарлық ұжымда Шетле қосылғанын айтуға болады.
Бүгін шайбаны көп күту қажет болмады. Кездесу басталғаннан кейін 40 секундтан соң алғашқы гол салынды. Старцев есеп ашты. Алайда, 6 минуттан кейін Білімбаев таблодағы ұпайды теңестірді. Жалпы кешегідей ойын көрдік.
Екінші кезеңде атыраулық хоккейшілер шапшаң қимылдап, аз қателіктер жіберіп, қорытындысы 3 жауапсыз голға әкелді.
Аргоков жігіттері үшінші кезеңді жеңіске дейін апарды.
Тұрақты маусымның қорытындысы бойынша “Бейбарыс” 3-ші орынмен аяқтады. 1/4 ширек финалда көкшетаулық “Арланмен” ойнайтын боламыз.
“Бейбарыс” Атырау – “Иртыш” Павлодар 4-1 (1-1, 3-0, 0-0)
00:40 Старцев (Ишмаметьев, Воробьёв) 1-0
06:41 Билимбаев (Машинец, Шетле) 1-1 ГБ
23:08 Севостьянов (Ананичев Ар) 2-1
24:47 Ишмаметьев (Курепанов ) 3-1 ГБ (+2)
28:53 Курепанов 4-1 ШБ
Қақпашылар: Иванов – Микушин